Өлеңдер ✍️

  19.08.2021
  221


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Шіркін-ай (1-нұсқа)

Жылқы айдаймын көшкенде-ей, дөненменен,
Алма мойын арғымақ, шіркін-ай,
Дәурен-ай, көбеңменен, айдай-ай.

Жас өспірім жеткіншек балаларға,
Айтар сөзім мінеки, шіркін-ай,
Дәурен-ай, өлеңменен, айдай-ай.

Дәйім менің мінгенім ей, құла серек,
Өзім әнші топ жарған, шіркін-ай,
Дәурен-ай, бұла сергек, айдай-ай.

Сарымайдай сақтаған-ей, өлеңіңді,
Осындайда айтпасаң, шіркін-ай,
Дәурен-ай, неге керек, айдай-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу