Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.08.2021
198
Ідігай
Өлеңім ағайынды, абысынды,
Қамшымның сазға тастап, сабы сынды.
Жүруші ем жас күнімде асау тайдай,
Қартайып енді менің сағым сынды.
Ой, ідігай,
Әттең, қалқа, қайтейін,
Күнім ай-ау.
Өлеңді айт дегенде іркілмеймін,
Кісіні жақсы көрген шіркін деймін.
Алдында көпшіліктің ән салғанда,
Жорғадай жолға түскен бүлкілдеймін.
Ой, ідігай,
Әттең, қалқа, қайтейін,
Күнім ай-ау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter