Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.08.2021
193
Жолдастар
Еңбекшіл – біз кедейдің баласымыз,
Отанның жас жеткіншек панасымыз.
Орнатып бақ ордасын елімізге,
Тайсалмай ілгері өрлеп барамыз біз.
Жиналған көп жолдастар,
Қуанышымыз қол бастар.
Алдарыңа жиналған
Жаңа өспірім біз жастар.
Оқудан артта қалған
Елімізді ағарту – біздің арман.
Біз – жаздың жаңа шыққан ағашымыз,
Өмірден толып жатқан аласымыз.
Болсақ та жас шыбықтай жаңа шыққан,
Бастайтын еліміздің ағасымыз.
Жиналған көп жолдастар,
Қуанышымыз қол бастар.
Алдарыңа жиналған
Жаңа өспірім біз жастар.
Оқудан артта қалған
Елімізді ағарту – біздің арман.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter