Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2021
223
Еркем-ай /1-нұсқа/
Айт дегенде өлеңді аңырмаймын,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.
Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.
Қайда жүрсем жақсының жанындамын,
Іздегенмен жаманға табылмаймын.
Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.
Әншілердің серігі домбыра ма,
Тарта берсең домбыра болдыра ма.
Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.
Домбыраны баппенен қолға алып,
Шарықтата әнге сал оң бұра да.
Еркем-ай,
Бүгінгі күнің тамаша,
Ертең бұдан көркем-ай,
Еркем-ай,
Бүгін болған тамаша,
Болсын тағы ертең-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter