Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2021
181

Әридай
Ақ отауға жарасар ойған манат-ей,
Ақын-салдар құрады бек салтанат-ей.
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.
Ақындықпен өлеңді біз айтпаймыз-ей,
Үлкендерден қалыпты ойын-санат-ей.
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.
Қой ішінде сүйгенім ісек-тұсақ-ей,
Қойдың еті тураса болады ұсақ-ей.
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.
Атамыздың атасы өлеңші екен-ей,
Біз де өлеңші болайық, солар құсап-ей.
Әридай,
Даусым, халқым-ай таниды-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter