Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  207


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әпитөк /3-нұсқа/

Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,
Сарғайдым осынау көлдің суын іше, әпитөк.
Қос қанат құсқа біткен маған бітсе,
Бармас па ем сәулетайға әлде неше, әпитөк!

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,
Өздеріңдей бір зат жоқ.
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,
Туған екен гүл перизат асыл тек.

Басында Әупілдектің мұнары бар,
Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк!
Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,
Ғашықтық тарқамаған құмары бар, әпитөк.

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,
Өздеріңдей бір зат жоқ.
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,
Туған екен гүл перизат асыл тек.

Басынан Әупілдектің мұнар кетпес,
Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк.
Кебістің жалаң аяқ басын киіп,
Ей, қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк.

Сөйлесуге тіл-хат жоқ,
Өздеріңдей бір зат жоқ.
Келсе қалқам көп кешікпей алыстан,
Туған екен гүл перизат асыл тек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу