Өз тағдырын - өз қолында
Әкесі баласымен шай ішіп отырып әңгіме қозғап бастайды:
- Осы көршінің баласы, сенің құрдасың, мектепті «Алтын белгімен» бітіріпті. Сағанда мектепті жақсы бітіруге болар еді. «Оқы!»- десе жөнді оқымадың, күнібойы женіл музыка тындаумен жүрсін - депті әкесі.
Баласы әкесіне:
-Маған бәрі бір! –деп жауап қайтарыпты.
Уақыт өте келе бір кұні дастарханында басында шай устіңде әкесі тағы да баласына әнгіме бастапты:
- Балам! Көршінің баласы әжептеуір жұмысқа тұрыпты. Сенің босқа жүрісің мынау.- депті.
- Ой! Маған бәрі бір! – депті баласы әкесіне.
Тағы бір күні шай іщіп отырып әкесі баласына әнгіме айтады :
- Көршінің баласы әп-әдемі қызға үйленіп, отау тігіп жатыр. Сенің жүрісің мынау- тек босқа уақыт өткізіп, арақ ішіп жүрсің-депті әкесі баласына.
- Әке! Маған бәрі-бір! Айтқаным айтқан –депті баласы.
- Маған да бәрі бір ғой балам! Өмір сеніке. Әншейін, шай үстінде әнгіме болсын деп айтып отырғаным ғой –депті әкесі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter