18.08.2021
  772


Автор: Асаба (тамада)

Ақ шаш туралы

«Шаштын ағарғаны – гүлдегені
Шаштын түскені – піскені»


Біздің әкеміз Нәсір өмір бойы мал дәрігері болып істеген. Ол кісінің шашы ерте ағарып кеткен көрінеді. Жас кезінде, совхозда бас мал дәрігері болып істеген ол, бір күні орталықтан келген комиссины күтеді. Жұмыстан сон комиссияға дастархан жайылады. Шай үстінде комиссия төрағасы:
- Нәсір! Осы неліктен сенің, жап-жас болып, шашынның бәрі 30-ға келмей ағарып кеткен?- деп сұрайды.
- Басеке! Қайтейін: совхоздың әр бір қойы өлген сайын, шашымның бір түбі ағарып кетеді – депті Нәсір, өзінің сөзтапқырлығына мәз болып.
- О, Бала! Сенің шашыңа қарасам, совхоздың қойының бәрін кырып тастапсын ғой – депті әзілдеп әлгі үлкен кісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу