Босқа кеткен уақыт
Ертеде ханға қол астында істейтін бір тігінші адам келіп, өзінің ғанибет өнерін ханға көрсететінің жариялайды. Ол өзінін бұл өнерін 20 жыл күндіз-түні шындағанын ханға жеткізеді.
- Ханием! Міне мен кәзір бес қадам жерге инені қойып, оған ине жібін лақтырам да жіпті иненін тесігінен өткізем-депті әлгі тігінші.
Хан өнерін тамашалауға кіріседі. Шынында да тігінші бес қадам жердегі инеге жіпті лақтырып, иненін құлагындағы тесіктен бірінші рет көзегеннен жіпті өткізеді. Хан бұл көріністен сон біраз ойланып:
- Бұл тігіншіге өнеріне 10 тілла беріндер- дейді.
Тігінші 10 тілласын алып, кетейін деп жатқан сәтте Ханнын:
- Енді бұл тігіншіге 10 дұре арқасына салындар- дауысын естиді.
10 тілла мен 10 дұре алған тігіншіге Хан:
- 10 тілланы саған алға қойған мақсатына жетіп, үйреген өнеріне бердім. Ал 10 дұрені 20 жыл уақытты босқа, пайдасы жоқ іспен айналысқанына үшін бердім- депті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter