Апа және оның пенсиясы туралы.
Кафеде официант болып істейтін апайдың әнгімесі: Мен кафеде жұмыс істеймін. Біздін кафеге окта-текте бір ересек жігіт кәрі анасымен келіп тұрады. Әлгі жігіт маған анасын қатты жақсы көріп, құрметтейтіндей болып көрінетін. Өйткені ол ылғи анасынын алдында жүгіріп, ол кісінін барлық жағдайын жасап жүретін.
- Апа! Не жейсіз? Жұмсақ бөлішке алып берейін бе? Әлде ыстық шай ішесіз бе? Болмаса ыстық тамақтан қалайсыз?- деп анасынын асты-үстіне түсіп жүреді.
Бір күні ол анасын кафеде қалдырып, өзі сыртқа шығып кеткен сәтте, мен апанын қасына отырып әнгімелеспекші болдым.
- Апа! Баланыз қандай тамаша адам. Сізді тамаша құрметтейді, сіздін жағдайынызды жасап, оқта-текте болса да кафеге алып келіп сізден ештенесін аянбайды, асты үстінізге түседі -дедім мен ол кісіге.
Әлгі апа жымсиып күліп, маған былай деді:
- Оқта-текте емес-айына бір рет мені кафеге алып келеді. Өйткені осы кафеге жақын жердегі банктен екеуміз менім пенсиямды аламыз. Балам ауылда жұмыссыз. Сөйтіп балам менім ақшама мені кафеге отырғызады ғой. Былайша айтқанда: өз бидайымды өзіме қуырып береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter