Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2021
205
Ана
Құшағында ыстық құлпырып өсті ұл, қызың
Аяулы ана шуағы сөнбес жұлдызым.
Тағдырдың мынау сыйы мен сынын бір кешкен,
Жаныма үлгі өмірлік әрбір нұрлы ізің.
Қуанышыма шаттанып, жайнап, жанасың,
Алыстап кетсем уайымды оймен қаласың.
Сезімге толы жүрегің, жаның әрқашан,
Ұл – қызы үшін аяулы менің анашым.
Көңілің сенің құлазып кейде қалады,
Ойлайсың бізді сондықтан жаның жаралы.
Сездірмегенсіп жымиып қана қоясың,
Бөленіп нұрға көзіңнің жарқын жанары.
Сол жанарыңнан күш қуат алам жаныма,
Жырақтап кетсем жүремін әркез сағына.
Ұрпағың үшін сан ойдың көлін кешесің,
Қарызбын ана шашыңның әрбір дағына.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter