13.08.2021
  293


Автор: Мағзом Сүндетов

Жиен

— Aпa, шөлдедім...


Бала үні жарықшақтана, жалынышты шықты. Ақ орамалды тамақ астынан орай тартқан, кең қоңыр көйлекті келіншек үш-төрт қадам алда келе жатқан; селк ете түсіп, іркіле берді. Сәлден соң қолындағы белінен ақ кендір жіппен бір тартқан қара шамаданды жерге қойып, басын көтерді.


Келіншек қызыл шырайлы, дөңгелек жүзді екен. Ұялы қой көзінде бір ауыр мұң бар. Соңында келе жатқан жасыл шалбар, ақ жейде киген он бір-он екілердің шамасындағы қиық көз қара балаға сүлесоқтана бұрылып, тарыға, терең күрсінді. Көнтек ерін үстіне қонақ таған түйір-түйір, ұп-ұсақ терді қол сыртымен сипай сүртті.


Түс ауса да, алаптай күннің ыстығы қайта қоймаған шақтын. Маң дала. Төңіректе қыбыр еткен, көз сүрінер қара жоқ. Олар осыдан жарты сағат бұрын разъезде, поездан түскен. Разъезд құлазып тұр. Жалғыз қызыл кірпіштен салған үй. Маңдайшасына баданадай ғып «Шүрегей» деп жазып қойыпты. Келіншек оған таңданбады. Әйтеуір шүрегей деген құстың дүниеде барын біледі, бұл разъезден талай сапарға да шыққан. «Шүрегейге» көз үйреніп, құлақ та қаныққан. Ал, жанына ерген, төртінші класты тамамдап тастаған баласына «Шүрегей» жат, тіптен тосын. «Шүрегейі» несі? Шүрегей құс демеуші ме еді? Оның разъезге қатысы не? Өзге ат табылмағаны ма?» — деп ойлады ол. Әйтсе де анасының көңілсіздігін аңдап, үндемеді; ренжітіп алармын деп қорықты. «Неге келмеді? Әлде телеграмма қолдарына тимеді ме? Қарсы алмағаны несі?» — деп келіншек те дал. Сонан жаяу жүріп кетті. «Он шақырым шілденің ыстығында аз жер емес. Әрі салт, жалғыз болсаң, бір сәрі. Бала бар...» Ауыр шамаданның салмағынан екі қарының салдырап қалғанын да келіншек енді сезді. Көз қиығы ащы терден шым-шым ашиды. Ол баласының қасына кеп, жыламсырап тұрғанын да жаңа андады. Еңкейіп маңдайынан сүйіп:


— Шыдасайшы, құлыным... Жігітсін, ғой, — деді аналық ыстық ықыласымен құшақтай бауырына қысып.


— Неге келдік, апа?! Қайта кетейікші.


— Қой, олай деме. Телеграмманы алмаған шығар. Не өзі ауылда болмай қалды ма, кім біледі. Апаң балалардан, малдың босай алмайды.


— Көкемнің жоқтығы, апа... Біз кімге керекпіз.


— Жә, жетті, Ержан! — деді келіншек сұрлана қап Жұлқына басындағы жаулығын түзеп жатыр. — Нағашыңды сен жақсы білмейсің. Әлі баласың. Ол малдағы адам. Күні-түні тынымы жоқ. Сағатпен санаспайды. Кәне, жүрелік...


Келіншек тістене қара шамаданды жерден жеңіл көтеріп алды. Өзінің пәлендей шаршамағанын, әлі де талай белден асып жүре берерін сездіргісі келетін тәрізді. «Міне, мына мендей бол. Қиындыққа мойыма. Сен жігіт емеспісің», — дейтін сияқты келіншек баласына. Сәбидің аузы бұртиып кеткен: әлсін-әлі жалтақтай қарап, езу тарта күлімдеген анасына көз қиығын да салатын түрі жоқ.


— «Жаз жайлаудамыз. Сіздерді күтеміз. Ағарған ішіп, дем алып кетіңіздер», — деп хат жазған нағашың емес пе? Ол біздің жағдайымызды ойлап, сені мен мені дем алсын деп отыр.


Үні дірілдей, қолқасына жас тығылғандай үнсіз қап, күрсініп қойды. Сәлден соң сөзін қайта жалғастырды.


— Көкең өлді. Екеуміз ғана қалдық. Қайтпек керек? Алыс та болса, жақының — сол... Нағашың. Өзге кімің бар, Құлыным...


— Апа, қойшы... Жыламашы. Мен де әлі-ақ өсем ғой, — деді бала анасының көзіне жас алғанын аңдап.


— Түсінбейсің.


— Қатты шөлдедім, апа. Таңдайым кеуіп барады. Басым ауырады, апа.


— Шыда... Менің тірегім, қорғаным өзің емеспісің, құлыным-ау?! Бері... Бері жол жиегін ала жүрші. Борпылдақ шаң топыраққа түсіп кеттің ғой, — деп келіншек баланы қолынан жетеледі.


Бала еш қарсылықсыз, аяғын ширақ, әр жерден дақ дақ басып, анасына ілесе жол жиегіне өтті. Олар тағы да шамаданды жерге қойып, маңдай терлерін сүртті. Енді жан-жаққа бағдарлай көз тастап тұр. Екеуі де үнсіз. Сәби кебіртектенген ернін жалап, жұтына береді.


Шыда... Шыда, құлыным. Қазір жетеміз ауылға. «Қара өзектің» бойында отырмыз деген.


— Апа... Апа, анау не?


Бала үрке келіншектің етегінен тас қып ұстай алды; артына жасырынып, сығалай қарады. Дәу қарақұс төмендей қалықтап, бұлардың үстінен ұшып өтті. Тоқымдай көлеңкесі сарғыш тартқан дала төсінде сырғанап, ағып барады.


— Ержан-ау, бұл қарақұс қой.


— Ол бізді көтеріп кетпей ме, апа?


— Жоқ, құлыным. Бұлай төмендеп ұшпайтын. Шамасы жақын жерде ұясы болды-ау, ә. Дала қарақұсының ұясы сайдың жиегінде, не қалың қурай арасынан кездеседі.


Жайбарақат айтылған әңгімеден бала көңілі орнықты білем; ол келіншектің тасасынан шығып, шамаданның бір мұртына жайғаса отырды. Басынан жапырайта киген ақшыл фуражкасын шешіп, маңдай терін апасы сияқты еңкейе бере саусағымен сыпырып тастады; сонсын фуражкасын қайта киіп, екі қолын тізесінің үстіне қойып, үнсіз қалды. Келіншектің көзі тізе үстінде жатқан бала қолында. «Әкесі де өстіп отыратын. Құлыным-ау», — деді ана жүрек түбі әлдебір сағынышпен сыздай, ұлына емірене қарап.


— Апа, ананы қарашы.


— Кәне?


Ержан кішкене сұқ саусағын шошайтып мынау аптап ыстықта бұлдырап тұрған көкжиекті көрсетті. Келіншек ілкіде ештеңені ажырата алмады; сынаптай сырғыған мөп-мөлдір сағым. Толқынданып жатыр.


— Әлі көрмеймісің, апа? Әне, анау... Сол жағынды ала қара.


Келіншек енді аңдады: сұрау белгісі сияқты қоңырқай бір нәрсе сағым арасында созыла түсіп, қалқып барады. Ол қос өркешті түйе де тәрізденіп кетеді. Осы қазір бауыры жазы лып, көсіле шапқан сәйгүлік дерсің.


— Бұ не, тәңірім-ау? — деді келіншек еріксіз таңданып. Бір сәт екеуі де күннің ыстығын да, жол жиегінде отырғандарын да ұмытты.


— О не, aпa?


— Түйе ме? Жоқ, жылқы білем...


Көгілдір жиек пен ақ сортаң аспан етегінің арасында, сағым ішінде бұлаңдаған әлгі қоңырқай ноқатқа айналып, көтеріле бастады; мөлдір кілегейден біртіндей тазарып, қоңыр емес қара түске енді. Бала да, ана да оның жаңа ғана өздері көрген қарақұс екенін бірден таныды. Екеуі де соған кәдімгідей ренжіп қалғандай болды; күткендері ғажап дүние сияқты еді; сонда не, алданғандары ма?!


Ақ тақыр жолға кеп іліккен бос арбаның салдыры екеуін де елең еткізді; жалт қарап, қуана орындарынан атып тұрысты.


— Ат арба, апа.


— Кәне, тез... Тез, құлыным, — деп келіншек өз-өзінен абыр-сабыр боп, апалақтай баласын асықтыра бастады.


Мес қарын жирен ат жеккен фургон арба болмашы шоқалақтан секектеп, селкілдеп келеді. Аттың тасасынан делбеші көрінбейді; әлдекімнің ыңылдай әндеткені құлаққа шалынады. Арба салдырлап, селкілдеп кеткенде,әнші үні де дірілдей үзіледі. Шуда-шуда шаң көте ріле түсіп, сейіліп қалып жатыр.


— Апа, алақай, бері бұрылды, — деді бала қуана күлімдеп.


Әлгінде олар жолдың айрығынан өткен; сол жерден кілт бұрылып кетпесе игі еді дегендей келіншек қауіптеніп тұрған-ды; сөйтсе, баласы да сондай үрей үстінде екен де.


Міне, ат арба да таяп қалды. Жалды жиреннің үлкен басы бұлғақтап, ауық-ауық пысқырынып қояды. Қауынның бір кеспе тілігіндей күнқағары үш елі фуражка киген, шоқша сақал қызыл шал фургон арбаның жақтауынан тарамыс қолымен нығарлай ұстап, ат құйрығының қал тарысынан мойнын созып қарады. Орта бойлы, қоңыр кең етек көйлекті әйел мен бір бала жол жиегінде тұр. Екеуі де телміре қалыпты. Баланың мойны шілмиіп, көзі кіртиіп, әбден шаршағанын да қарт андағандай болды. «Бұлар қайдан жүр? Мынау аптап ыстықта жаяу-жалпылап қайда барады. Құдай-ау, анау разъезден келе жатудан cay ма?» — деп ойлады қарт қара чемоданға көзі түскенде. Олардың деңгейіне келгенде делбені шірене тартты:


— Тыр, жануар!..


Жалбыраған қалың ақ бурыл қастың астындағы балапан әжім жайлаған мейірімді, сарғыш мұнар тартқан қой көзі жұмылып кеткен; іле жылт етіп қайта ашылды. Үстіндегі костюм сыртынан киген ақ кенеп плащының етегін жинақтай қаусырынып, қопаңдап қойды.


— Жол болсын, балам, — деді ол келіншекке қаран.


— Ата, сәлематсыз ба? Танымадыңыз ба?


Қарттың жүзінен шұғылалы, жылы шырай қашып,салқын бір күнәлілік сезілді; таңданғандай да белгі білінді.


— Қарағым, жыға танымай қалғаным...


— Мен... Мошанның қарындасымын ғой.


— Е, ана жолы Мошанның күйеу баласы кеп кетіп


— Иә, мен сол кісінің жесірімін, — деді келіншек налып. Үні әлгіндей болмай, сынық, жасық шықты. Әңгіме байыбына бармай, ана даусынан реніш сезгенсін, бала:


«Мынау шал арбасына мінгізбейім дей ме, қайтеді», — дегендей, апасының етегінен тас қып ұстай алды; шалға бір, келіншекке бір жалтақ-жалтақ қарайды.


— Неғып тұрсыздар?! Кәне отырыңыздар, — деді қарт күлімдей.


Әйел ақ кендір жіппен белінен бір тартқан қара шамаданын арбаның артқы жақтауына қырынан сүйеп, басын өзінің көлеңке бетіне ала жайғасты. Манадан жас ананың қыбырлаған тірлігін үнсіз бақылап қалған қарт мынаусына таңдана басын шайқап: «Ана деген, шіркін, сол-ay, ә!?» — деді күбірлеп.


— Ата, бірдеңе дедіңіз бе?


Келіншектің құлағы күбірді шалыпты. Қарт сасқалақтай:


— Жо-жоғы, қарағым, — дей берді. Делбені жинақтай ұстап, қағып-қағып жіберді. — Шу-у, жануар!..


Арба салдырлап ала жөнелді. Төбесі сарғыш тақияланып, жатқан жотадан да асты; айнала ұшы-қиырсыз дала.Қарт үнсіз отырған; әлденеге таңданғандай басын шайқап, артындағы келіншекке бұрылды:


— Апыр-ай, неткен тәуекелшіл еңіздер, ә? Мынау ыстықта... баламен.


— Кімге сенеміз, ата? Қарсылап жатқан кім бар бізді.


— Мошан қыдырымпаз ғой. Колхоз орталығында жүрмесін... Келін бала-шаға мен жандыққа баскөз. Мошанның жоқтығын сездірмейді. Бір пысық жан. Жүрісі ұрысы да салмақты. Оған қарағанда Мошан арсы-гүрсілеу. Сөздің де парқын біле бермейді.


Арба ойдым-ойдым шұқыр-шұқанағы коп жол торабына кеп түсті. Жауын кезде қақ тұрып, талай арба, машинаның шиырлаған жері емес пе; арса-арсасы шығып жатыр. Сиыр құйымшақтана әңгіме де үзілді. Әбден күнге қақталып, ақжем болған арба дөңгелегінің шыбығы да әр шоқалақтан бір секірген сайын мысықша мияулап қалады.


Күн әлі де қуырып түр. Маңдайды шағып, алаптай ғана өздері көрген қарақұс екенін бірден таныды. Екеуі де соған кәдімгідей ренжіп қалғандай болды; күткендері ғажап дүние сияқты еді; сонда не, алданғандары ма?


Ақ тақыр жолға кеп іліккен бос арбаның салдыры екеуін де елең еткізді; жалт қарап, қуана орындарынан атып тұрысты.


— Ат арба, апа.


— Кәне, тез... Тез, құлыным, деп келіншек өз-өзінен абыр-сабыр боп, апалақтай баласын асықтыра бастады.


Мес қарын жирен ат жеккен фургон арба болмашы шоқалақтан секектеп, селкілдеп келеді. Аттың тасасынан делбеші көрінбейді; әлдекімнің ыңылдай әндеткені құлаққа шалынады. Арба салдырлап, селкілдеп кеткенде, оның үні де дірілдей үзіледі. Шуда-шуда шаң көтеріле түсін, сейіліп қалып жатыр.


— Апа, алақай, бері бұрылды, — деді бала қуана күлімдеп.


Әлгінде олар жолдың айрығынан өткен; сол жерден кілт бұрылып кетпесе игі еді дегендей келіншек қауіптене тұрған-ды; сөйтсе, баласы да сондай үрей үстінде екен.


Міне, ат арба да таяп қалды. Жалды жиреннің үлкең басы бұлғақтап, ауық-ауық пысқырынып қояды. Қауынның бір кеспе тілігіндей күнқағары үш елі фуражка киген, шоқша сақал қызыл шал фургон арбаның жақтауынан тарамыс қолымен нығарлай ұстап, ат құйрығының қалтарысынан мойнын созып қарады. Орта бойлы, қоңыр, кең етек көйлекті әйел мен бір бала жол жиегінде тұр. Екеуі де телміре қалыпты. Баланың мойны шілмиіп, көзі кіртиіп, әбден шаршағанын да қарт андағандай болды. Бұлар қайдан жүр? Мынау аптап ыстықта жаяу-жалпылап қайда барады. Құдай-ау, анау разъезден келе жатудан cay ма?» — деп ойлады қарт қара чемоданға көзі түскенде. Олардың деңгейіне келгенде делбені шірене тартты


— Тыр, жануар!..


Жалбыраған қалың ақ бурыл қастың астындағы балапан әжім жайлаған мейірімді, сарғыш мұнар тартқан қой көзі жұмылып кеткен; іле жылт етіп қайта ашылып Үстіндегі костюм сыртынан киген ақ кенеп плащының етегін жинақтай қаусырынып, қопаңдап қойды.


— Жол болсын, балам, — деді ол келіншекке қарап.


— Ата, сәлематсыз ба? Танымадыңыз ба?


Қарттың жүзінен шұғылалы, жылы шырай қаіпмм,


салқын бір күнәлілік сезілді; таңданғандай да белгі білінді.


— Қарағым, жыға танымай қалғаным...


— Meн... Мошанның қарындасымын ғой.


— Е, ана жолы Мошанның күйеу баласы кеп кетіп


— Иә, мен сол кісінің жесірімін, — деді келіншек налып. Үні әлгіндей болмай, сынық, жасық шықты. Әңгіме байыбына бармай, ана даусынан реніш сезгенсің бала: «Мынау шал арбасына мінгізбейім дей ме, қайтеді», — дегендей, апасының етегінен тас қып ұстай алды; шалға бір келіншекке бір жалтақ-жалтақ қарайды.


— Неғып тұрсыздар?! Кәне отырыңыздар, — деді қарт күлімдей.


Әйел ақ кендір жіппен белінен бір тартқан қара шамаданын арбаның артқы жақтауына қырынан сүйеп, баласын өзінің көлеңке бетіне ала жайғасты. Манадан жас ананың қыбырлаған тірлігін үнсіз бақылап қалған қарт мынаусына таңдана басын шайқап: «Ана деген, шіркін сол, ә!?» — деді күбірлеп.


— Ата, бірдеңе дедіңіз бе? Келіншектің құлағы күбірді шалыпты. Қарт сасқалақтай:


— Жо-жоғы, қарағым, — дей берді. Делбені жинақтай ұстап, қағып-қағып жіберді. — Шу-у, жануар!..


Арба салдырлап ала жөнелді. Төбесі сарғыш тақияланып жатқан жотадан да асты; айнала ұшы-қиырсыз дала.Қарт үнсіз отырған; әлденеге таңданғандай басын шайқап, артындағы келіншекке бұрылды:


— Апыр-ай, неткен тәуекелшіл еңіздер, ә? Мынау . ыстықта... баламен.


— Кімге сенеміз, ата? Қарсылап жатқан кім бар бізді.


— Мошан қыдырымпаз ғой. Колхоз орталығында жүрмесін... Келін бала-шаға мен жандыққа баскөз. Moшанның жоқтығын сездірмейді. Бір пысық жан. Жүріс-тұрысы да салмақты. Оған қарағанда Мошан арсы-гүрсілеу. Сөздің де парқын біле бермейді.


Арба ойдым-ойдым шұқыр-шұқанағы көп жол торабына кем түсті. Жауын кезде қақ тұрып, талай арба, машинаның шиырлаған жері емес пе; арса-арсасы шығып жатыр. Сиырқұйымшақтана әңгіме де үзілді. Әбден күнге қақталып ақжем болған арба дөңгелегінің шыбығы да әр шоқалақтан бір секірген сайын мысықша мияулап қалады.


Күн әлі де қуырып тұр. Маңдайды шағып, алаптай аңызақ соғып өтеді; қызыл жыңғылды толтыра салып, лаулата жаққан қазандық аузында отырғандайсың.


— Aпa... Апа, анаң қара, — деді бала асыға-аптыға, жол жиегінде бүлкілдеп бара жатқан саршұнақты меңзеп. — Тышқан... Тышқан...


— Саршұнақ де.


— Айтсаң да, мұнайшының баласы-ау, ә? — деп қарт езу тартты. — Мұнайшылардың аулы қала ғой шамасы?!


— Аудан орталығындай. Пәлендей үлкен емес.


— Ай білмейім... Жүріс-тұрыстарың ширақ, қала адамдарына ұқсайсыздар, — деді қарт күлімдей жүзін бұрып әкеткен келіншекке қарап.


Алыстан бұлдырап жалғыз киіз үй де көрінді. Сәл әріден тағы да әлдене нар өркештене қалқып келеді.


— Мошандікі де қол бұлғап тұр-ау. Анау сақманшы баланікі. Шу-у, жануар!..


Қарт делбені қағып-қағып жіберді.


* * *


Мошан жиектен қылт ете қалған қызыл қоңыздай ат арбаға мән берген жоқ. Өзімен-өзі боп, төрде алақан басындай айнаға қарап жатыр. Колхоз орталығына бүгін ертеңгісін, таң сары құлақтана кеткен, сонан оралғаны әлгінде: «Осы біздің «Алғабас» колхозының тұрғындары ма, түбі жынданады. Құдайдың құтты күні қылжақ. Екі езу екі құлағында, ыржандаған біреу. Пішен шауып шаң-шаң, борша-борша боп жүрсе де сол. Ай даладағы мені тәлкектегендері несі-ей? Е, құрдас екен... сонда не төбемізге ойнай ма? Мені: «Үй жануарының біріне ұқсайды», — депті. Ол неғылған жануар? Ешкіге ме, түйеге ме, сиырға ма, жылқыға ма, оны ашып айтпайды; ойлансын да күлсін дейді ғой. «Бұл ауылдың иті де үрмейді, қалжыңдайды», — депті бір қария, шамасы жол-жөнекей «Алғабасқа» түстенсе керек. Сол өзі ып-ырас сөз»,


Бейтаныс қарияның бүкіл ауылға берген бағасы Мошанның жанын бір сөтке де болса жайландырып тастады; қоңырқай жүзі күреңітіп, келте танаудың астындағы сұйықтау біткен, әлдеқалай жұққан темірдің датындай мысық мұрты жыбыр етті. «Оңбағандардың шығармайтыны болсашы... Үй жануары несі-ей? Қай жерім ұқсайды. Иегім сәбидің жер баспаған тобығындай, — деді ол айнаны бетіне жақындата түсіп. — Ал, мойыным... иә, мойын жағынан ұяттылаумыз. Екі айлық торайды елестете ме, қалай?» Мошан басын жастықтан көтеріп, жан-жағына қарап қойды; біреу естіп, не көріп тұрғандай қысылды. Үйде өзінен бөтен жан жоғын да ұмытқан тәрізді. Көңілі орнына түсіп, жастыққа қайта қисайды. Ол енді жанында жатқан айнаға беттемеді; секемдене үркектей, әрі, іргеге қарай ысырып тастады. «Етектей аузым да, қаздың жұмыртқасын тығып қойғандай бұлтиған екі шықшытым да аумаған сол малғұндікі», — деді күбірлей мүлде түңіліп.


Іле басын жастықтан қайта көтеріп алды. «Ту-уф, мына күннің жануын-ай. Белқұла өртей ме қайтеді-ей? Қан сәске ауса да, аңызақ таңдайды кептіріп, жалап тұр. Қанипаны бекер жібердім-ау. «Шаршадың ғой, дамылдасайшы», — дегеніне көне кеттім. Малдың соңыңда күнұзағына жүргені аздай-ақ, өзі де бір сорлы... елжірейді де тұрады». Мошан әйелінің алдында әлдене ыңғайсыздықты сезінді; кежегесі кері тартып, шайды өлердей ұзақ ішкені де, не болса соны ілік етіп, түрпідей жиырыла бергені де есіне түсті. Қанипа ондайда алып ұшып, Мошанның ыңғайына бағатын. Аяғын әр жерден басып желдей есіп жөнеледі. Әлдене айтпақ та тәрізді еді; Мошанның қос елі, көн терідей жиырыла қалған қабағы мұрсат бермеді. «Шыдамсыз неме, күтсе қайтеді? Не қуып барады-ей. Ылғи осы.» Екі-үш қара шыбын ызыңдап, танаудың үстінде тұрып алды. Кейде жалт беріп, біржола кеткендей болады да, сәлдең соң іргеден ескен аңызақ пен біргe тершіген құлақ түбін, қатпар-қатпар тамақ астын сайрандайды. Жалаңаш аяққа қона қалса, шаққаннан бетер дуылдатып кетеді. Мошанға мына күнді ысытып, қапырық қып жіберетін де өзге емес, осы қара шыбындар сияқтанды. Шыбындар қырылса, дүние кеңіп, қоңыр бір самал есіп жүре берердей де көрінді.


— О, атаңа лағынет, қан сорғыш! Қырыл! — деп ол орнынан тулап түсіп, бет алдын, төңірегін манадан жанында жатқан түкті орамалмен сабалап өтті.


Шыбынның ызыңы да сап басылды. Мошан тершіген маңдайын, әжімді, сығырайған көзінің астын әлгі сүлгімен асықпай сүртті. Ұмытыла бастаған шыбындар да, оның осылайша бір жайғасуын күткендей қайта оралды. Ызың-ызың ұшып жүр. Мошанның орамалды шиыршықтай ыңғайлап алғанын, ұтырлы сәтті күтіп, сілтідей тынып отырғанын олар да сезетін тәрізді; ту сыртын айналып, қалқып ап құлақты төңіректейді. Балтырға, не білегіне қонса, Мошана аянбас-ақ еді; ербиген құлақ шекеден тартып қалуға қорқады. Баяғыда бір сөйтіп, күшала жегендей болғаны бар...


— Көке! Көке, ат арба келе жатыр! — деген кішкене қыз баланың даусы Мошанның көңілін бөліп жіберді.


Ол орнынан созыла, еріншектене көтеріліп есікке бет алды: Буын-буыны салдырап, аяғы да шымырлай ұйып қалыпты. Қанқақсап барады. Мошан «тфа-тфалап» шақ шыдады. Бес қанат шағын қоңырша киіз үйдің табалдырығын аттағанда ғана жазылып, басылғандай болды. Қызыл ала көйлек киген, екі өрме қамшыдай жіңішке бұрымы бар төрт-бестің шамасындағы қыз-бала әкесіне есік аузында соқтығып қала жаздады.


— Ақырын, Гүлжан, — деді Мошан сәбидің басынан сипап. Екі көзі ауылдың алдындағы ойпаттан көтеріліп келе жатқан ат арбада. Оның жанында қара керді сипай қамшылап, біреу дабдырлай сөйлейді. «Бұ кім? Тәңірі атсын, маған не көрінді? Қатын емес пе? Қанипа ғой. Жолдан кезіккен болды-ау, ә?..»


— Көке, қонақтың баласы бар.


— Иә-иә, Гүлжан... Көріп тұрмын.


— Анау Дәулет ата.


— Дәулет ата?


— Иә... Сол.


— Ол қайдан ұшырасып жүр. Ұста Дәулет пе? Иә, арба соныкі...


Мошан алқа-салқа көйлегінің жағасын түзей, қонақтарға қарсы жүрді.


* * *


Мошан мінезі Қанипаға аян. Ол былайынша бауыр мал, қолы ашық, қонақжай да сияқты. Ал, бірер күн өткенсін-ақ өзгеріп сала береді; келген қонақтан өзі именіп, ұялып бітеді; тіпті үй иесі, салауатты мосқал жан екенін де мүлде ұмытып, әлдеқайда кеткісі кеп, әйеліне кіржіңдеумен болады. Ондайда келте танаудың астындағы мысық мұрты жыбыр лап, қабағы бір ашылмайды. Аузын томпайтып: «Қатын-ай!» — деп зірк-зірк етеді; онысы үлкен кісінің ренішінен гөрі, еркетотай баланың кіржіңіндей зілсіз-ақ. Әйтсе де бұнысына қонақ әрине өкпелейді: «Мошан жолықтырмады, ауырлады», — деп көңілдеріне алады. Сыралғы Қанипа күйіп-пісіп, «жерге қараттың-ау» деумен қала барады. Бір ит мінез.


«Жастай жесір қап, кетік көңіл боп келген жұрағатына да сол мінезін танытпаса игі еді», — дегендей, Қанипа қатты қысылулы; әзірге Мошан онысын сездіре қойған жоқ.


— Бізге телеграм уақытында жетпейді. Мен сіздер келетінде колхоз орталығында болдым. Пошташы қызды да көргем, дәнеңе демеді,- — деді Мошан ертеңгі шай үстінде қарындасына бұрылып.


Өзі қақа төрде. Қоңыр ши барқыт шалбар киген, ақ көйлегінің омырау ілгегі ағытулы, аяқта тарғыл шұлық. Кеше «ащы судан» жұтыңқырап жібергеннен бе, көздің асты қалталанып, ақ етіне қызыл тамыр жүгіріп, қиығы сіркеленіп түр. Қолтық астына бағлан құйрық құс жастықты жұмарлай тығып, жамбастай қалыпты. «Бұ не дегені? Сөз таба алмағаны ма? Тілгірамы несі-ей?» — деп ойлады самаурын. түбінде шай құйып отырған етжеңді, бүйрек бет қара торы әйелі. Онан сәл жоғары, Мошанның аяқ жағын ала етпеттей қыз бала жатыр. Дастарқанның екінші бетінде қонақ келіншек пен бала. Ыстық шайдан бала жүзі балбырап, көзі күлім-күлім етеді; кешегідей емес, қабақ кірбіңі жазылған. Әйелінің жалтақ-жалтақ қарай бергенін жаңа андаған Мошан:


— Қатын, шәйіңді демде. Қақтың суындай түсі сұрықсызданып барады ғой, — деді.


— Жаңа ғана салғанмын, кесілмей жатыр да.


Әйел қабағын шытып, ақ құманның сылдырата қақпағын ашып, қайта жапты. Әйтсе де, шай салынбады. Сары самаурын жанындағы темір табадағы шоққа нығарлай қойды.


Дастарқан үсті жол-жол бөдене бауырсақ пен түрлі-түсті қағазға оралған мәмпәси. Ағаш тостағанға салған қаймақ та осында. Жаңа сойылған малдың етінен қуырылған майлы, ашқылтым қуырдақ та екі жерде буы бұрқырап тұр.


— Тамақ алыңдар. Маған қарамаңдар. Ержан, Гүлжан сендер кімді күтіп отырсыңдар, — деді әйел жиені мен өзінің кенже қызына иек қағып.


Шай ішіліп, дастарқандағы ыссылы-суықты тағам біраз еңсерілгенсін ғана Мошан басын көтеріп, әйелінен сіріңке талын сұрады. Сонымен баптана тісін шұқып, әлдене есіне енді түскендей, кенет қасын кере қалды. Дала бүгін де ыстық, ашық еді. Қарындасын жұмсап іргелікті айнала түргізді.


— Әй, жиен, келгелі бері абыр-сабыр сұрай алмадым. Оқу қалай? — деді Мошан астынан су шыққандай қозғалақтап.


Монтиған қара бала өз-өзінен абдырап, батылсыздау үн қатты:


— Жақсы, аға.


— Жақсысы қалай? Төрт пен бес пе? Жоқ, әлде анау Дәулет ұстаның басындай жап-жалтыр бірыңғай үш пе?


Іргені түріп, даладан кірген келіншек баласының жанына кеп отырды. Жылы жымиып ағасына бір, баласына бір қарайды.


— Аралас, — деді Ержан, нағашысының бұны неге сұрағанын түсінбесе де, күлімдеп.


— Ал, біздің Дания, Жәния, Сәуле деген төрттікпен көрші қонбайды. Олар бесті ғана біледі. Үздік оқиды. Сондықтан үлкен қалаларды, елдерді тамашалатқалы мұғалімдері саяхатқа әкетті.


— Шал-ау, мақтанбасаңшы, — деп қалды Қанипа іркілдек, етжеңді ірі денесін селкілдете күліп. Ол әлгінде ғана шай ішілген кеселерді жиыстырып, сүртіп отырған.


— Шыны сол болса, қайтеміз. Қара майдың ішінде, мұнайда өскен жанның баласын көр де, Мошанның қыздарын көр дегенім де.


— Әй, шал, аспа! Астамшылықтың керегі не, — деді Қанипа лезде түсін суыта.


— Е, мен соншалық не айтыппын?


— Жә, жетті... Ойынның да жөні бар емес пе.


Әйтсе де, Қанипа көңіліне келген күдікті, әлдене бір сезікті іркіп қалды. «Қыздарын көтергені несі? Ержандай ұлы жоқтығына күйініп, қызғаныш еткені ме?» — деп ойлады да, іле бір түрлі күйеуіне жаны ашып, жүрек түбі сыздап кетті. Ержанды кешелі бері қасынан тастамайды. Бірде: «Қанипаш, ұл бала деген жақсы екен ғой. Көрдің бе, ылғи менің қасым нан табылады. Ат әкеледі, суғарады», — деп Мошанның аңдаусыз күрсініп қалғаны да есіне енді түсті. «Апыр-ай, сонда өзін кінәлі де сезініп еді- ау...»


— Қанипаш, неге үндемейсің? — деді Мошан себепсіз қыт-қыттай күліп.


— Е, қойшы әрі... Үндегенде не дейін.


Ойы бөлініп кеткен Қанипа қапелімде не дерін білмей дағдарған, сәлден соң күйеуінің орынсыз сөзін әзілге айналдырып, тігісін білдірмей жіберді. Өзімсіне күйеуіне де әмір етіп жатыр:


— Көрші ауылды қонаққа шақырмаймыз ба? Жиені келгенде тышқан мұрнын қанатпады. Бір шай беруге жарамады дейді ғой. Екі еркек сендердің отырыстарың мынау. Кәне, жиналыңдар. Бұ не салбөкселік сендердікі, ә?!.


— Жөн-жөн, қатын, дұрыс айтасың. Құртты-ау, ә?


— Ө несі-ей түге. Әне. екі ат шідерлеулі жүр. Кәне, болыңдар.


— Қалай, атқа қонамыз ба, Ержан? — деді Мошан қалбалақтай орнынан көтеріліп. Аяқ астынан елпілдеп-желпілдеп бала болды да кетті.


Ержан әлгі бір нағашы мақтанышын көңіліне алып қалған, «әй» дегеннен жадырай қоймады. Төменшектей жүзін сырт салып, құныса берді. Мошан далаға шығып кеткенсін ғана апасына ұрлана көз тастады; о да баланың томсырайған шырайынан үркіп отыр екен, шалып қалып: «ренішіңді құптамаймын, құлыным» дегендей ыңғай танытты. Бала оған терең күрсініп, теріс айналып есікке бет түзеді.


Әлгінің арасынша Мошан екі атты да әкеліп ерттеп тe үлгеріпті. Жалды жирениің тізгінін Ержанға ұстатты. Жүрегі лүпілдеп қоя берген Ержан атқа міне алмай күйбеңдеп қалған; Мошан жеп-жеңіл көтеріп мінгізді. Әрі күлімдей қарап тұрған апасының, Гүлжанның, нағашы жеңгесінің көзінше Мошан: «Иә, өзің нағыз жігіт болдың ғой. Тақымың мықты, жарайсың», — деді оның жауырынынан қағып. Ержан сол сәтінде ренішін де мүлде ұмытып, төбесі көкке жеткендей қуанды. Ол жаңа ғана шөлден әбден тандыры кепкен гүлдей солғын еді; енді, міне, мол көктем жауыны өткендей жүзіне нұр жүгіріп, құлпырып кетті. Әке мейірін, ыстық құшағын ұмытып, суып, тосырқап үлгермеген сәби жаны сезімтал, нәзік. Өтеусіз орынды толтырам деп елітіп, мейірімге шөл боп алады. Мошан Ержанның сондай үлкен сағынышына кезіккен еді.


Міне, олар қалың қурай өскен сайды жиектеп, аттарын сипай қамшылап келеді. Күн ашық, ыстық. Әйтсе де, әне бір қапырық жоқ. Ержан ауық-ауық қолымен көзін көлегейлей төңірегіне таңдана ұзақ қарайды. Оған мынау айнала қалықтап бірде алдына, енді бірде артына шығып ұшып жүрген ақ тос қарлығаштар да қызық.


— Аға, қарлығаштар неге қалмайды? — деді ол Мошанмен үзеңгі қағыса жанасып.


— Төңірегіміз шыбын-шіркей ғой, Ержан. Соны қағып жейді. Кетпей ұшып жүргені сол.


— Мынау не, нағашы? Үй ме?


Есік, терезе дегеннен жұрдай аңғал-саңғал жалғыз қыстay сай жиегінде жапырайып тұр. Үйдің алдында көң-қоқыстың үйіндісі жатыр. Әр жерде қасқырдың тісіндей сойдиған тіреу, жұлым-жұлым қамыс шардақтың жұрнағы көрінеді. Төбесі ашық қамыс қораның орны сияқты. Ержанға о да таңсық; бұрын білмегені.


— Ескі қыстау ғой. Жарымағыр Қазбектікі. Ой, дүниеқоңыз ит-ау, — деп Мошан қабағын шытып қойды. Ержанға ол адам шынында сараң, құбыжық тәрізді елес берді. — Көрдің бе, қорасына дейін бұзып әкеткенін. Ол қамысты қайтеді десейші. О, ит-ой. Сонда ол біреу ұрлап әкетеді деп өліп жүр...


Есік, терезесі қарауыта үңірейіп қыстау кейін қалып барады. Ержанның екі көзі сонда. Әлдене бір ызғардан тұла бойы түршігіп үрей билегендей де болды. Төңірек тып-тыныш. Ол жүзін бұрып әкетті. Ердің алдыңғы қасынан тас қып ұстап, қатты тістеніп отырғанын да енді ғана сезді; салдырап ауырып қалған қолын босатып, Мошанға қарады.


— Сонау бір жылы «Терең өзекке» қатар қона қалдық. Ерулік беріп, дәм-тұзымыз жарасып дегендей ауыс-күйіс боп кеттік. Көңілде бөтендік жоқ, иә... Обалы пе ұйып-ақ отырғанбыз. Екіндіге таман жаман мәстегін бор байлап, көршімнің жетіп келмесі бар ма? «Уә, Қазбек, не көрінді саған?» — дейім. Тыңдайтын емес. Танауы желпілдеп: «Сенің отарыңа менің екі тоқтым қосылып кетіпті. Қазір қайтар. Әйтпесе, қырам, жоям», — дейді


«Ойбай, жарқыным-ау, таң атсын да?» — десем, шап тығып көнбейді. Тіпті асау... Хош де. Сенің нағашыңның мінезі қайбір оңып тұр. Атының шаужайынан ала кетіп, әй-шәйға қарамай жерге алып ұрдым. Өй бір итше тепкілейін-ай...


— Жазығы не, аға?


— Жазығы не дегені несі? Жазығы әлгі... ит жыныма тигені да, — деді Мошан балаға көзін жыпылықтата қарап. Жүзінде баланың ұғымсыздығына көңілі толмағандық та бар.


— Ол өзінің қойын алғалы келді ғой.


— Тәңірі жарылқасын, сен түк түсінбейтін бала екенсің да. Чу...


Мошан атын тебініп-тебініп жіберді. Манадан тізгінін тежеп, теке текіректетіп келе жат қан Мошан ат басын қоя берді. Лақтай ойнақтап, түйе тайлы бел үстіне қара кер ытқып шыға келді. Ержан да жаман жиренді қам шылап жетті.


Етекте кол жатыр. Жағасы жасыл шалғын. Шалғын үсті шашылған ақ асықтай бір отар қой. Беріде салт атты, ши қалпақ киген ақ көйлекті жігіт көрінеді.


— Қандай әдемі, ә? Аға, шомылып алсақ қайтеді? — деп Ержан жүзі бал-бұл жана нағашы сына бұрылды.


— Қой әрі... Шомылғаны несі. Не айтасың өзің? — деді Мошан жақтырмай қабағын шытып. Іле көзі жылт етіп, жүзі жылып жүре берді. — Мынау Қазбек қой. Жүрісін қара...


Ат тұяғының тысырын шалды ма, ылдидағы шопанның жаман тұғыры құлағын қайшылай бұрылып, оқыранып қойды. Жігіт селт етіп, жалт қарады.


Өзі ақ сары, дөңгелек жүзді екен. Сәлден соң күлімдей ат басын кері бұрып, қарсы жүрді. Анау-мынаудан ығыстап қорқатын адам сияқты емес. Ірі сүйекті жігіт. Аяғы атының сирағын қағып келеді. Шамасы ұзын. «Нағашым мынаны қалай сабады? Тіптен дәу ғой», — деп ойлады Ержан сүйсіне таңданып.


— Қазбек-ай, аманбысың?


Мошан сонадайдан айқайлады.


— Шүкір, Мошеке... Өзіңіз қалайсыз?


— Жаман емес. Теке текірек тірлік қой баяғы.


— Әй, бәрекелді. Ал, жол болсын! — деп наркес жігіт ат үстінен созыла Мошанға қол берді. — Құдайы қонақпыз.


— Ендеше жүріңіздер. Үй мынау иек-артпада, — деді жігіт күлімдей атын кері бұрып.


— Ойнап айтам... Қой, ойбай, тоқта, Қазбек! Е, неге?


— Асығыспыз. Қатынның тапсырмасы, тағы бірер үйге соғуымыз керек.


— Мошеке, бұларың қызық болды ғой. Ештеңе етпейді. Мынау бауырыңды кездестіре келдім. Жиенім... Ауылдасың, Барақтың баласы, — деп Мошан әлдене бір салмақтың ба сын шопан жігітке арта салды. Астындағы айдау ағаш ерді сықырлата, қозғалақтап та қойды. — Ертең түс біздікіне келіңдер? Келінбаланы қалдырма. Ал, мынау, Ержанжан, сенің туысқаның. Нағыз ағаң. Әкеңнің інісі. Бұ да төлеңгіттің дегендей жігіті. Мырза, серіңнің өзі. Астындағы жалғыз атын мінгізіп жіберу қолынан келетін азамат.


— Апыр-ай, Мошеке-ай, менің қадір-қасиетімді шамадан тыс асырып жібердіңіз-ау.


— Жә-жә... Қысылма. Іні сенікі. Көріп отырғаны осы, білсін. Мен барды айтам, жоқты қайтем.


— Ержанның әкесін көре қалдық. Ағамыз марқұм ақылды адам еді ғой. Несін жасырамыз, інілікке бәріміз жиылып жарамайтынбыз...


— Сыпайыгершілігіңе бағасың-ау, Қазбекжан. Жә, ақталма... Марқұм топырағы торқа болсын, тым ыстық болатын. Мұнайшы емес пе? Онда ізеттілік қайдан жүрсін.


Мошан көзін қысып, жымыңдай күлді; әйтсе де, оған елігіп Қазбек күле қоймады:


берді. — Көрдің бе, қорасына дейін бұзып әкеткенін. О қамысты қайтеді десейші. О, ит-ой. Сонда ол біреу ұрлап әкетеді деп өліп жүр...


Есік, терезесі қарауыта үңірейіп қыстау кейін қалып барады. Ержанның екі көзі сонда. Әлдене бір ызғардан тұла бойы түршігіп үрей билегендей де болды. Төңірек тып-тыныш. Ол жүзін бұрып әкетті. Ердің алдыңғы қасынан тас қып ұстап, қатты тістеніп отырғанын да енді ғана сезді; салдырап ауырып қалған қолын босатып, Мошанға қарады.


— Сонау бір жылы «Терең өзекке» қатар қона қалдық. Ерулік беріп, дәм-тұзымыз жарасып дегендей ауыс-күйіс боп кеттік. Көңілде бөтендік жоқ, иә... Обалы не, ұйып-ақ отырғанбыз. Екіндіге таман жаман мәстегін борбайлап, көршімнің жетіп келмесі бар ма? «Уә, Қазбек, ие көрінді саған?» — дейім. Тыңдайтын емес. Танауы желпілдеп: «Сенің отарыңа менің екі тоқтым қосылып кетіпті. Қазір қайтар. Әйтпесе, қырам, жоям», — дейді.


«Ойбай, жарқыным-ау, таң атсын да?» — десем, шаптығып көнбейді. Тіпті асау... Хош де. Сенің нағашыңның мінезі қайбір оңып түр. Атының шаужайынан ала кетіп, әй-шәйға қара май жерге алып ұрдым. Өй бір итше тепкілейін-ай...


— Жазығы не, аға?


— Жазығы не дегені несі? Жазығы әлгі... ит жыныма тигені да, — деді Мошан балаға көзін жыпылықтата қарап. Жүзінде баланың ұғымсыздығына көңілі толмағандық та бар.


— Ол өзінің қойын алғалы келді ғой.


— Тәңірі жарылқасын, сен түк түсінбейтін бала екенсің да. Чу...


Мошан атын тебініп-тебініп жіберді. Манадан тізгінін тежеп, теке текіректетіп келе жатқан Мошан ат басын қоя берді. Лақтай ойнақтап, түйе тайлы бел үстіне қара кер ыт қып шыға келді. Ержан да жаман жиренді қамшылап жетті.


Етекте көл жатыр. Жағасы жасыл шалғын. Шалғын үсті шашылған ақ асықтай бір отар қой. Беріде салт атты, ши қалпақ киген ақ көйлекті жігіт көрінеді.


— Қандай әдемі, ә? Аға, шомылып алсақ қайтеді? — деп Ержан жүзі бал-бұл жана нағашысына бұрылды.


— Қой әрі... Шомылғаны несі. Не айтасың өзің? — деді Мошан жақтырмай қабағын шытып. Іле көзі жылт етіп, жүзі жылып жүре берді. — Мынау Қазбек қой. Жүрісін қара...


Aт тұяғының тысырын шалды ма, ылдидағы шопанның жаман тұғыры құлағын қайшылай бұрылып, оқыранып қойды. Жігіт селт етіп, жалт қарады.


Өзі ақ сары, дөңгелек жүзді екен. Сәлден соң күлімдей ат басын кері бұрып, қарсы жүрді. Анау-мынаудан ығыстап қорқатын адам сияқты емес. Ірі, сүйекті жігіт. Аяғы атының сирағын қағып келеді. Шамасы ұзын. «Нағашым мынаны қалай сабады? Тіптен дәу ғой», — деп ойлады Ержан сүйсіне таңданып.


— Қазбек-ай, аманбысың?


Мошан сонадайдан айқайлады.


— Шүкір, Мошеке... Өзіңіз қалайсыз?


— Жаман емес. Теке текірек тірлік қой баяғы.


— Әй, бәрекелді. Ал, жол болсын! - — деп наркес жігіт ат үстінен созыла Мошанға қол берді.


— Құдайы қонақпыз.


— Ендеше жүріңіздер. Үй мынау иек-артпада, — деді жігіт күлімдей атын кері бұрып.


— Ойнап айтам... Қой, ойбай, тоқта, Қазбек!


— Е, неге?


— Асығыспыз. Қатынның тапсырмасы, тағы бірер үйге соғуымыз керек.


— Мошеке, бұларың қызық болды ғой.


— Ештеңе етпейді. Мынау бауырыңды көздестіре келдім. Жиенім... Ауылдасың, Барақтың баласы, — деп Мошан әлдене бір салмақтың басын шопан жігітке арта салды. Астындағы айдау ағаш ерді сыңғырлата, қозғалақтап та қойды. — Ертең түс біздікіне келіңдер? Келін баланы қалдырма. Ал, мынау, Ержанжан, сенің туысқаның. Нағыз ағаң. Әкеңнің інісі. Бұ да төлеңгіттің дегендей жігіті. Мырза, серіңнің өзі. Астындағы жалғыз атын мінгізіп жіберу қолынан келетін азамат.


— Апыр-ай, Мошеке-ай, менің қадір-қасиетімді шамадан тыс асырып жібердіңіз-ау.


— Жә-жә... Қысылма. Іні сенікі. Көріп отырғаны осы, білсін. Мен барды айтам, жоқты қайтем.


— Ержанның әкесін көре қалдық. Ағамыз марқұм ақылды адам еді ғой. Несін жасырамыз, інілікке бәріміз жиылып жарамайтынбыз...


— Сыпайыгершілігіңе бағасың-ау, Қазбекжан. Жә, ақталма... Марқұм топырағы торқа бол сын, тым ыстық болатын. Мұнайшы емес пе? Онда ізеттілік қайдан жүрсін.


Мошан көзін қысып, жымыңдай күлді; әйтсе де, оған елігіп Қазбек күле қоймады:


— Ай, Мошеке-ай, күйеу балаңыз болғасын қағытасыз-ау, — деді ол ыңғайсыздана сәбиге жаутаңдай қап.


— Қазбек, естідің ғой. Ертең күтеміз.


Сонан тағы да Мошан мен жиен бала екі-үш шопанға соқты. Бәрінде де, кездескенге дейін Мошан көрші шопандарды жер-жебіріне жете жамандап, амалсыздың күні қонаққа шақырмақ екенін айтты. Ержан ілкіде нағашысының сөзіне сеніп, әлгі шопандарды жек көреді. Салқын сәлем беріп, олардың жылы райынан сырт айналғаны да бар. Мошан ондайда ұрсып: «Оңбаған бала, оның не? Кісі көрмеп пе ең? О, тағы неме? Бұның кім екенін білемісің? Нағыз дөйдің өзі. Социалды Еңбек Ері ағаң», — дей жөнелді. Бұған не дерін білмей айран-асыр қалған Ержан нағашысының екі жүзділігіне іштей ызаланулы еді. Қайтар жолда ол шыдай алмай:


— Аға, сіз жағымпаз екенсіз ғой, — деді. — Ай далада екеуміз келе жатқанда жамандайсыз да, көргенде мақ- тайсыз кеп, мақтайсыз кеп... Менің көкем өйтпейтін, аға.


— Қой әрі! Не оттап келесің-ей! — деп мұны күтпеген Мошан не айтарын білмей қалды.


Бала үндемеді.


Сонан бұ кім біледі? Мошан әйтеуір кешелі-берлі балаға суық. Іліп-қағып, тәлкектейді. Ілкіде онысы нағашының әзілі сияқты-тұғын: енді әлденеге деген үнінен ыза сезіледі. Міне, бүгін де малды таң сарықаймақтана өргізіп тастап, үйге қайтып келді. Көптен керегеге ілулі тұрған қос ауыз мылтығын алып сүртіп, оқтап қойды. Оның керегі не еді? Не істерін білмегені ме?


Аяғын кердеңдей басып, жолындағы баланың үстінен аттап өтті. Бұрын маңдайынан сипап, күлімдей қарайтын; жанары жарқ ете қуана қалған сәбиді бірер сөзбен мақтап қоятын. Бәрі де ұмыт болған. Қарындасына да өкпелі сияқты; жүзін сырт салып, көзін алып қаша береді. «Тағы да ит мінезі басталғаны ма?» — деп ойлайды Қанипа сары самаурыннан ақ құманға су құйып жатып: — Қатын-ай, шәйіңді тездет! Қонақ келгенде өстіп жайрап отырамыз ба? — деді Мошан зіркілдеп.


Дала да адам тақылеттес пе, қалай; оның да өз мінезі бар: бірде үскірік дауылды, бірде желкем, енді бірде жайсаң. Бүгін дала үш-төрт күнгі ыстықтан кейін жуасып қалған тәрізді. Ала-бұлттанып тұр. Қоңыр салқын. Мал да, адам да шілденің ішіндегі осындай жазира шаққа елітіп, үйден қашады; далада болғанды көбірек қалайды. Бала-шағаларын ертіп, үйіліп-төгіліп келген Мошанның қонақтары да үйдің іргесіне текемет төсетіп көрпе-жастық алдыртып жайғасқанды жөн көрді. Екі-үш ауылдың балалары қосылып, олар да мәз-майрам. Тек Ержан көңілсіз. Апасының қасында әр қонақтың жүзіне мұңды қарап, жағын таянып жатыр. Ән айтылып, күй де тартылды.Бәрі де қызған. Арақ та, шарап та, шампан да ашылды. Оған кеп қымыз да араласты. Мошан да көңілді. Желдей есіп отыр. Ет желінген. Қазір дастарқан қайта жазылып, шай келмек. Үйдің алдындағы қазандықтың жанында бүйірінде неше түрлі тиынның бедері бар таныс сары самаурын «әндетіп» тұр. Әріде екі-үш ит жүр. Жүндері барақ-барақ, салпаң құлақ төбеттер.


— Әй, жиен, сен неге ойнамайсың, ә? — деді Мошан тілі күрмеліп. — Міністірдің баласы құсап жатысын.


— Е, оны қайтесің, бала емес пе? Әңгіме тыңдағысы келетін шығар, — деп қалды ұста Дәулет шал. О да өткенде шақырылған. Кемпірінсіз өзі келіпті.


— Әкесі сияқты. Ө, жаман неме.


Осы сәт қызғын Мошанның есіне баланың күлбілтесіз:


— Менің көкем өйтпейтін, аға», — дегені түсе кетті. — «Мендей жағымпаз емес-ә?» — Ол аяқ асты намыстанып, күйіп кетті.


— Әкең жаман ғой. Құдай мені күйеу бала жағынан қатты қысты. Дұрыс күйеу бермеді. Әй, жиен, сенің әкеннің атын айтып, анау иттердің бірін шақырайын ба,ә?' Қазір-ақ шауып келеді, — деді Мошан қарқ-қарқ күліп. Үңірейе ашылған аузының айналасы жылтыраған май, әріден сарғыш ірің тісі сығалайды.


Қонақтар күлкілерін де, әңгімелерін де қойып балаға бір, Мошанға бір қарай қалды. Әлденебір ерсілікті, ерсілікті емес-ау, тағылықты сезсе де, өз құлақтарына сенбегендей үнсіз. Бәрі де орынсыз әзілдің кісі өлтіретінін түсінетін, сөз қадірін білетін елдің балалары. Күтпегендері ме, біреуі басалқы айтып, Мошанды тоқтатпады. Сәби көзі жасаурай орнынан атып тұрды.


— Ал, жиен, не дейсің? Сенбейсің, ә? Сенбесең, шақырайын... Барақ! Барақ, кә! — деді Мошан отырған орнында қазандық жаққа қарай мойнын соза түсіп.


Екі-үш иттің сабалақ жүнді қарасы аяғын сылти басып жетіп келді; құйрығын бұлғақтатып мөлиіп тұр. Ержан жалт беріп, бетін баса үйге кіріп кетті.


— Мошан-ау, мұның не? — деді Дәулет тілге келіп.


— Е, несі бар?


Сол сәтінде қос ауыз мылтықты қолайсыздау, көлденең ұстап киіз үйден Ержан сүріне-қабына атып шықты. Мошанға жақындап келді. Қанипа баланың кішкене саусағы мылтықтың шүріппесінде тұрғанын анық көрді. Абыр-сабыр әңгіме де сап басылды. Мошан қызғындығынан әп-сәтте айығып, шүберектей құп-қу боп кетті. Мылтықтың сұп-суық аузы бұлғақтай біресе итке бұрылса, біресе Мошанға қадала қалады.


— Жиен... Жиен... Қой, қарағым. Оның не? Ойнағаным... Әзілім ғой. Жиен...


Бал ада үн жоқ. Түсі қашып кеткен. Жақындап келеді.


— Жиенжан... Ержантай, — деді Мошан ерні дір-дір етіп.


Бала үш-төрт қадам кеп тоқтады. Мылтықтың үңірейген суық аузы Мошанда. Сабалақ қара ит әлі құйрығын бұлғақтатып тұр. Ол дәнеңе сезетін емес. Анадай көгалда ойнап жүрген балалар да үрпиісе қалыпты.


— Ержан, құлыным, — деп келіншек өзгеден бұрын есін жиып, баласына тұра ұмтылды.


Мылтық екі рет гүрс етті. Иттің қаңқылдай аласұрған даусы даланы дүр сілкіндірді. Бала мылтықты тастай сала, «апалай» жылап анасын құшақтай алды. Көгілдір дәрі түтіні сейілгенде қонақтар үрпиісе, жамырай сөйлеп орындарынан көтерілді. Көк шөптің үстінде қансырап ит жатыр. Өзінің тірі қалғанына не қуанарын, не ренжірін білмей, аппақ боп Мошан тұр.


— Жігіттер, мынау... Мынау сұмдық болды-ау, ә? «Жиен ел болмас, желке ас болмас» деген осы. Бұ... Бұ тура кісі өлтірер. Бөлтірік екен ғой. Ойпырай, сұмдық-ай, — дей берді Мошан қалбалақтай үсті-басын сипалап. Ыржалақтап күліп қояды. — Сұмдық-ай...


1971 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу