Әңгімелер ✍️
Жабал
Қараңғы, айсыз түн. Ауық-ауық әр тұстан иттің әупілдей үргені естіледі; іле о да басылып, төңірек тып-тыныш бола қалады. Әне, ауылдың бір шетінен жүк машинасы көрінді; тар көшенің екі бетіндегі үйлерді жарығымен кезек сүзіп келеді. Күміс бағандай машина алдына сұлай түскен жарық кейде қораның тасасында тұрған екі жастың үстінен шығып қап, сонысынан ұялыс тапқандай жалт береді. Енді бірде иық сүйескен сұрғылт қақыраларды сәулесімен тұтас шарпып барып, сипай сырғиды. Сол сәт аула ішіндегі саққұлақтар жарыса шабалақтап, қақпа астынан бастарын қылтитып, тіпті жылтыраған тұмсығын көрсетіп те қалады.
Машина тұйық көшенің басындағы қара қақпалы үйдің жанына кеп тоқтады. Көршілес қақыраның алдындағы сәкіде екі бойжеткен отырған; жарық соларға қадала іркілді. Ақ білегімен көздерін көлегейлей қыздар орындарынан көтерілді.
— Алма, сәлеметсің бе? Бұ жерде неғып жүрсіздер? — деді еркек үні кабина терезесінен; ізінше сарт етіп есік ашылып, қайта жабылды. Жеңі шолақ, алабажаң жейде киген сары жігіт машина алдындағы жарыққа шықты; сыптай жасыл шалбары мен жылтыраған қара лак ботинкасын көрсеткелі келгендей бота тірсектене тәлтиіп тұр.
— Жәй, сейілдеп жүрміз да.
— Ә... Мені күтіп қалған екен демеймін бе!
— Дәмесінің зорын қайтерсің.
— Иә, дейсің-ау.
— Түлкінің көзі жүзімде деген ғой, — десті олар қара көлеңкеге ығыстай жылысып.
— Әй-әй, қыздар... Байқаңдар! Түлкілерің не? Арыстан демейсіңдер ме.
— О да хайуан емес пе, аға. Ренжімеңіз, — деп қалды Алма аталған сұңғақ бойлы қыз. Құрбысы оған сықылықтай күліп барады.
Шофер жігіт абдырып, не дерін білмеді; ол мұндай жауапты күтпеп абдырап, оңбай жығылды. Мақтанғаны ма, жоқ әлде әнтектігі ме? Мақтанайын деген түк ойы жоқтын. Әрине, бұнысы әнтектік. Өзінде де бар: «арыстан дегені» несі? Уа, арыстан боп не тапты? «Қап, мақтамен бауыздады-ау мына қыздар? Қайтып қайырсам қарымтасын, ә?» Ол еркінен тыс жанын қарманып қалды. Машина жарығында өзінен басқа да біреудің тұрғанын жаңа аңдады; ілкіде тірі аруақ па деп тіксініп, төбе-құйқасы шымырлап қоя берген; бақса... Жабал. Үстінде ақ көйлек, сұр кенеп шалбар, жалаң аяқ, күлім-күлім етеді. Қиық көзі жұмылып кеткен. Шашы да жалбырап, әжептәуір өсіпті. Шалбарының тізе тұсы қалталана, томпайып түр. Аяғы күс-күс, жап-жалпақ. Әлсін-әлсін бәшәйы арбиып, бір аяғын екіншісімен қасып қояды. «Өзі келбетті ме, қалай? Анау дөңестеу мұрын, дөңгелек жүзі әсем, о? Уақытылы жуынып жүрсе ақсары жігіт-ау дейім. Шомбал, иықты... Аздаған күнқақты. Денсаулығы да мұның керемет шығар, ә? Өмірі ештеңе ойламайды. Не әке, не шеше жоқ. Соғыстан кейін келіпті осы ауылға. Сонан қалған. Қыс біреудің отынын жарып береді. Өзеннен су тасиды. Жаз — қозы, лақ бағатын. Енді қой соңында. Әркімнің ескі-құсқысын киеді. Қай үйге кірсе де бұған бір үзім нан мен май, ет, шай табылатын. Әңгіме, сөзбен ісі жоқ. Мұны есі дұрыс емес деп әскерге де алмады. Қазір осы дәуде болса жиыр ма бесте... Иә, қызық. Бұ неменеге ыржияды, ә?»
— Әй, Жабал! Бермен кел, — деді шофер жігіт қолын бұлғап.
Жабал сол езуін жимаған қалпы жақындап келеді. Ақ көйлегінің өңірі алқа-салқа, етегі шалбарының сыртына шығып кеткен. Жайшылықта қалжақтап, іліп-қағатын мынау жігіттің бүгін кәдімгідей елеп шақырғанына таң сияқты.
— Әй, Жабал, неменеге ыржалақтайсың, ә?
— Сен, Сейсен, шөпірсің бе?
— Жоқ.
— Қаленнің мәшінесін айдап жүргенің не?
— Е, бір шаруамен жайлауға шығып келгем, — деді Сейсен: «ойбай-ау, бұ Жабалға да мен есеп берем бе?» — деп ойлап қалса да, өзін-өзі тоқтата алмай.
— Саған айдауға болмайды ғой.
— Неге?
— Сен бұғалтірсің. Шот соғасың.
— Оу, Жабал, сен өзі дайын тұрған сотсың, оныңды білесің бе? Түк сөйлемеуші ең, қалай, ә?
— Не, сұрауға болмай ма?
— Жо-жоқ, неге. Мұның жөн.
Жабал ернін жалап, желкесін қасып қойды. Қарасұр күн қақты жүзі машина шамының жарығында онан әрі күреңітіп, күлгенде аппақ тісі көрінді. «Ғажап», — деп ойлады Сейсен: — «Ыржыңдап күлгеннен басқаны білмейтін, бүгін мүлде бөлек. Бұл тегін емес. Өзінде бір өзгеріс бар. Қызық, ә? Тіпті мені тергеп, тексеріп қоймады-ау? Әй, осы дәуде болса... Қой, әлде солай ма? Мұның да көңіл жайлауына жігіттіктің аулы қонды ма екен? Апыр-ай, сонда ол кім?» Әйтсе де Сейсен Жабалдың о бастан өзге балалардан еш айыр масы жоқтығын ойламады. Жетімдігін, жалғыздығын, «Балалар үйінен» қашып, осы ауылда әр үйді сағалап қалып қойғанын ғана білетін. Жабалға жаны ашып, жасырғандардың сол кезде еріктерінен тыс жамандық істегендерін, ақылы кем, жарымес аталуына себепкер болғандарын әрине сезбейді; олар да Жабалдың бұл күнде неден қорғаншақтайтынын, күле беретінін түсінбейді. Иә, Жабалға жан баласы жамандық ойлаған емес; әйтсе де ел қожанәсірлікті оның төңірегінен іздейтінді тапты. Неден, қалай, кім бастағанын қайдам, әйтеуір жөн сөзі сандырағы сияқтанды да, сүрінгені сан-саққа жорылып, әзілге айналды. Дастарқан үсті Жабал әңгімеленсе әркім-ақ оның бойынан қисық, кем адамның қылығын тауып айтуға тырысты. Әлдеқалай ол дұрыс сөйлесе, көңілдері толыңқырамай қалатын. Не әке, не ана тәрбиесін көрмеген Жабалдың бойында кемістік те аз емес еді; сонан ба екен — жалтақ, ыңғайға жығылғыш.
Адамның да табиғаты қызық қой. Жабалдың кемістігіне әбден көзі жеткендей болғансын, ел енді мүсіркей де бастады; күні кеше өздерінің күліп, сайқымазақтағанын бір сәтте ұмытты. Тіпті Жабал әдетінше әлдеқалай ауыз-басын қисаңдатып, қалжақтаса:
— Тек әрі! О не, мал болғаның ба? — деп қайырып тастайтыңдар да табылды.
— Бұған дауа жоқ. Жындыханаға тапсыру керек.
— Жә, кимелеме.
— Е, несі бар.
— О, пақырды жылатып-еңіретіп қайтесіздер. Ауылда бір тентек жүрмей ме екен, — десіп кететін.
«Жындыхана» дегенде зәре-құты қалмаған Жабал мұнан кейін қылжағын да, сөзді де мүл де қойды; адаспауға тырысты. Кімге де болса күле қараса жағатынын білді. Бірте-бірте бұ да әдетке айналды. Қазіргі Жабал сол... Жабал.
Сейсеннің тандана жүзіне үңілгенінен қысылып, ыржың-ыржың етеді.
— Әй, Жабал, сен осы біреуге ғашықсың-ау деймін, ә?
«Е, дәл солай еді. Сен оны қайдан білдің?» дегендей
Жабал Сейсенге ырзалығын сездіре кеңкілдей, әлденеге қуана күлді. Мұндайда жігіт не дейді «Айта түссе екен», — деп тілейді ғой.
— Ой, жарымағыр, несіне жасырасың? — Сейсен Жабалдың иығынан итеріп, жаурынынан қағып қойды. — Кім оның?
— Саған керегі не?
— Ту-у, керек кезде ғана сұрай ма? Білейін деймін да.
— Сейсен, сен Қаленнің мәшинесін апарып бер.
— Әй, ондағы сенің жұмысың не? Кіріспеске кірісесің...
— О мәшине Қалендікі де емес? Совхоздікі ғой?..
— Ту-у, пәтуасыз! — деді Сейсен ызалы түңіліп. — Саған бірдеңе көрінген шығар. Қақылдап қоймайтының не?
— Мен саған қызымды айтпайым.
— Неге?
— Сол. — Жабал себепсіз ге-ге-лей кеп күлді: «ә, бәлем, айтпай зарықтырдым ба?» — дейтін тәрізді.
— Оу, жын қақты ма, неге күлесің?
— Күлмейін бе?
— Күлме. Бермен қара... Қайда барасың-ей?
— Үйге.
— Тоқта... Жүр біздікіне, шай ішелік. Отырайық, — деп Сейсен Жабалды қолтықтап алды; оның қай қызға көзі түскенін қалайда білмекке бел байлаған тәрізді.
— Шам... Шам сөнбей қалды.
— А?.. Ым. Иә-иә... — Сейсен машинаның шамын сөндірмей ұмытып бара жатқанын еді ғана аңдады; сөндіріп, кабина есігін серпе қатты жапты. Қипақтап тұрған Жабалдың жауырынынан қағып, қолпаштай қара қақпалы үйге қарай бастады.
Есікті толықша келген, бидай өңді, қой көз келіншек ашты. Үстінде гүлді, көкшіл креп-жоржет көйлек. Кейін шегініп, Сейсен мен Жабалға жол берді. Құс мұрын, бүйрек бет екен. Оң жақ көзінің астында бидайдың түйіріндей меңі бар. Құлағындағы бармақ басындай сырғасы шамның жарығымен шағылысып жылт-жылт етеді; қос бұрымы да жұмыр иығынан бері, төсіне түсіп, тербеліп жатыр. Ерні үлбірей ашылып: «кімді ертіп келдің? Қонағың Жабал болғаны ма?» — дейтін тәрізді қазір.
— Бәтес, шайың дайын ба? — деді Сейсен ботинкасын анадай жерге, босағаға қарай лақтырып тастап. — Сен Жабалды танымаушы ма ең, ә?
— Танимын ғой.
— Танысаң төрле демейсің бе?
— Е, төрлетсін... Төрле, Жабал.
Жабал аяғының шаңынан именіп, төрге өрлемеді, есікке жақын текеметтің шетіне малдас құра отырды. Шай алдында жесін деп Бәтес бір табақ етті жылытып әкеп қойды. Жабал әп-сәтте өзінің қонақ екенін ұмытты; осы бөлмеде басқа жан жоқтай сыпыртып соғып, көзді ашып-жұмғанша табақты жылан жалағандай босатты. Сейсен қызықтай қарап, күлімдеп отыр. Бәтестің де алабұртқан жүзінде таңдану бар; ол мынау алау-далау жігіттің күректей жап-жалпақ, күс-күс табаны, апай төсін жаңа көргендей көз тоқтатты; енді аңдаса өзі иықты, шомбал екен-ау. Ғажап... Бәтес үркектей лүпілдеген жүрегімен ғана емес, бүткіл жанымен, тәнімен мол қуатты сезінгендей болды; танауына күн қақты шаш тың, жусанның иісі де келді; мұнысы тіпті басқа түгіл өзінің де күтпегені еді; аяқ-асты қысылып, Сейсенге жаутаңдай қалды. Күйеуінің сырт қарап, байқамағанына көзі жеткенсін көңілі шығайын деді.
Бәтес Сейсеннің екінші әйелі. Тигеніне биыл үшінші жыл. Бұрын әйел жібергенін білсе де, Сейсенге сүйгенсін шықты. Әлі де сол оған жан теңгермейді; әзілқойлылығын,сырбаздығын, әншілігін — жалпы бір сырлы, сегіз қырлылығын (ойбай-ау, керек десеңіз ол машина да, трактор да айдап жүре береді; мен бухгалтермін деп шіренбейді) мақтан ететін; оны совхоздың басшылары ғана емес, қыз, келіншектерге дейін сыйлайтынын Бәтес біледі. Сейсеннің әйел жібергенін жазғырмай, қайта олардың мүсіркейтінін аңдағаны бар: «Бала көтермесе не істейді. Бір шикі-өкпе сүйгісі келеді да» дегендерін де өз құлағымен талай естіген. Кейінгі күндері Сейсен де өзіне суып жүр. Сөзін бірде тыңдаса, бірде қайырып тастайды. Бәтестің: «менің жазығым не?» дей жаздаған кездері болды. Өзін-өзі шақ ұстап үлгерді. Құрсақ көтермесе ол кімнен? Әрине Сейгеннен емес; өйткені дәрігерлер денің сау депті. Қайда, кімге қаралса да «денсаулығыңыз дұрыс» дейді. Анау кеткен әйелі қайын-жұртында жүр; күйеуге шыққан жоқ. Бәтес те дәрігерге өткен жылы қаралды; «ауру-сырқаудан амансыз. Әлі-ақ сәби сүйесіз» деді қарт дәрігер әйел. Ол тіпті Сейсенге шүбә келтіргендей де болды. Бәтес оның да дәрігерлерге көрінгенін айтқанда ғана иланды, үндемеді. Иә, Бәтестің де үмітті талшық еткеніне міне биыл үш жыл. Үміті де таусылып келеді; қаншаға жететінін кім біледі. Оның да үзілер күні жақын ба деп қорқады. Әлдеқалай түңіле, Сейсеннің:
— Болмады ғой, Бәтес, — демесіне кім кепіл. Жылы қабақ танытуы да сиреп барады. Сенбі, жексенбі күндері жайлауға, нағашысына кетуі де жиілеп жүр.
Бүгін де сол ертең келер деп күткен; Жабалмен қолтықтасып, күлімдей кіріп келгенде Бә тес шошынып қалған-ды; «сен Жабалды танымаушы ма ең?» — деп жылы үн қатып, жадырай қарағанда көңілі жайланып, төбесі көкке жеткендей болды.
— Бәтес, сорпаң бар ма еді? — деді Сейсен келіншегінің ой үстінде отырғанын аңдамай күңк етіп.
Келіншектің ойы бөлініп кетті. Ілкіде күйеуінің нені сұрағанын аңдамаса да ол орнынан серпіле атып тұрды.
— Ту-у, пәтуасыз! — деді Сейсен ызалы түңіліп. — Саған бірдеңе көрінген шығар. Қақылдап қоймайтының не?
— Мен саған қызымды айтпайым.
— Неге?
— Сол. — Жабал себепсіз ге-ге-лей кеп күлді: «ә, бәлем, айтпай зарықтырдым ба?» — дейтін тәрізді.
— Оу, жын қақты ма, неге күлесің?
— Күлмейін бе?
— Күлме. Бермен қара... Қайда барасың-ей?
— Үйге.
— Тоқта... Жүр біздікіне, шай ішелік. Отырайық, — деп Сейсен Жабалды қолтықтап алды; оның қай қызға көзі түскенін қалайда білмекке бел байлаған тәрізді.
— Шам... Шам сөнбей қалды.
— А?.. Ым. Иә-иә... — Сейсен машинаның шамын сөндірмей ұмытып бара жатқанын еді ғана андады; сөндіріп, кабина есігін серпе қатты жапты. Қипақтап тұрған Жабалдың жауырнынан қағып, қолпаштай қара қақпалы үйге қарай бастады.
Есікті толықша келген, бидай өнді, қой көз келіншек ашты. Үстінде гүлді, көкшіл креп-жоржет көйлек. Кейін шегініп, Сейсен мен Жабалға жол берді. Құс мұрын, бүйрек бет екен. Оң жақ көзінің астында бидайдың түйіріндей меңі бар. Құлағындағы бармақ басындай сырасы шамның жарығымен шағылысып жылт-жылт етеді; қос бұрымы да жұмыр иығынан бері, төсіне түсіп, тербеліп жатыр. Ерні үлбірей ашылып: «кімді ертіп келдің? Қонағың Жабал болғаны ма?» — дейтін тәрізді қазір.
— Бәтес, шайың дайын ба? — деді Сейсен ботинкасын анадай жерге, босағаға қарай лақтырып тастап. — Сен Жабалды танымаушы ма ең, ә?
— Танимын ғой.
— Танысаң төрле демейсің бе?
— Е, төрлетсін... Төрле, Жабал.
Жабал аяғының шаңынан именіп, төрге өрлемеді, есікке жақын текеметтің шетіне малдас құра отырды. Шай алдында жесін деп Бәтес бір табақ етті жылытып әкеп қойды. Жабал әп-сәтте өзінің қонақ екенін ұмытты; осы бөлмеде басқа жан жоқтай сыпыртып соғып, көзді ашып-жұмғанша табақты жылан жалағандай босатты. Сейсен қызықтай қарап, күлімдеп отыр. Бәтестің де алабұртқан жүзінде таңдану бар; ол мынау алау-далау жігіттің күректей жап-жалпақ, күс-күс табаны, апай төсін жаңа көргендей көз тоқтатты; енді аңдаса өзі иықты, шомбал екен-ау. Ғажап... Бәтес үркектей лүпілдеген жүрегімен ғана емес, бүткіл жанымен, тәнімен мол қуатты сезінгендей болды; танауына күн қақты шаш тың, жусанның иісі де келді; мұнысы тіпті басқа түгіл өзінің де күтпегені еді аяқ-асты қысылып, Сейсенге жаутаңдай қалды. Күйеуінің сырт қарап, байқамағанына көзі жеткенсін көңілі орнығайын деді.
Бәтес Сейсеннің екінші әйелі. Тигеніне биыл үшінші жыл. Бұрын әйел жібергенін білсе де, Сейсенге сүйгенсін шықты. Әлі де сол оған жан теңгермейді; әзілқойлылығын, сырбаздығын, әншілігін — жалпы бір сырлы, сегіз қырлылығын (ойбай-ау, керек десеңіз ол машина да, тракторда айдап жүре береді; мен бухгалтермін деп шіренбейді) мақтан ететін; оны совхоздың басшылары ғана емес, қыз, келіншектерге дейін сыйлайтынын Бәтес біледі. Сейсеннің әйел жібергенін жазғырмай, қайта олардың мүсіркейтінін шыдағаны бар: «Бала көтермесе не істейді. Бір шикі-өкпе сүйгісі келеді да» дегендерін де өз құлағымен талай естіген. Кейінгі күндері Сейсен де өзіне суып жүр. Сөзін бірде тыңдаса, бірде қайырып тастайды. Бәтестің: «менің жазығым не?» дей жаздаған кездері болды. Өзін-өзі шақ ұстап үлгерді. Құрсақ көтермесе ол кімнен? Әрине Сейсеннен емес; өйткені дәрігерлер денің сау депті. Қайда, кімге қаралса да «денсаулығыңыз дұрыс» дейді. Анау кеткен әйелі қайын-жұртында жүр; күйеуге шыққан жоқ. Бәтес те дәрігерге өткен жылы қаралды; «ауру-сырқаудан амансыз. Әлі-ақ сәби сүйесіз» деді қарт дәрігер әйел. Ол тіпті Сейсенге шүбә келтіргендей де болды. Бәтес оның да дәрігерлерге көрінгенін айтқанда ғана иланды, үндемеді. Иә, Бәтестің де үмітті талшық еткеніне міне биыл үш жыл. Үміті де таусылып келеді; қаншаға жететінін кім біледі. Оның да үзілер күні жақын ба деп қорқады. Әлдеқалай түңіле, Сейсеннің:
— Болмады ғой, Бәтес, — демесіне кім кепіл. Жылы қабақ танытуы да сиреп барады. Сенбі, жексенбі күндері жайлауға, нағашысына кетуі де жиілеп жүр.
Бүгін де сол ертең келер деп күткен; Жабалмен қолтықтасып, күлімдей кіріп келгенде Бәтес шошынып қалған-ды; «сен Жабалды танымаушы ма ең?» — деп жылы үн қатып, жадырай қарағанда көңілі жайланып, төбесі көкке жеткендей болды.
— Бәтес, сорпаң бар ма еді? — деді Сейсен келіншегінің ой үстінде отырғанын аңдамай күңк етіп.
Келіншектің ойы бөлініп кетті. Ілкіде күйеуінің нені сұрағанын аңдамаса да ол орнынан серпіле атып тұрды.
Шұлықсыз, толық балтыры айдында ойнаған балықтың ақ төсіндей жалт етті. Сейсен еріксіз көз тоқтатты; әйелінің қыпша белінде, жұмыр, қаз мойнын да жаңа көргендей: «Бәтесім менің ажарлы екен-ау» деп ойлады. Мұндайда адамның жадына өткен орала кетпей ме?!. Сейсен ең алғаш Бәтесті сиыр фермасында ақ халат киіп, ойнақшып жүргенінде көрді. Күлегеш еді. Әнді де үзілте әсем салатын. Сейсен сонда қол жетпестей арман деп білген; еркетотай қыз алақанына оңай қонды...
— Сорпа ма, Сейсен?
— А?.. Иә-иә, сорпаң болса әкелші, Бәтесжан, — деді Сейсен.
Бәтестің бүйрек бетінің ұшы ду ете қап, жанарында қуаныш ұшқыны ойнап өтті. Сейсен онысына таңданса да, пәлендей мән бермеді. Бәтес ауызғы үйге шығысымен жайбарақаттана ішін сипап жайлана бастаған Жабалдың құлағына сыбырлай:
— Айтпайсың, ә? — деді Сейсен.
— Ым... Айтайын.
— Е, ақылың кірейін депті ғой.
— Алма... — Жабал мыжырайып ұялған болды.
— Алма деймісің? Анау Алматыда дәрігерлік институтта оқитын қыз ба? Кет әрі!.. Жаңа біздің үйдің алдында жүрді ғой. Сол ма? — деді Сейсен сенер-сенбесім білмей Жабалдың жүзіне үңіле түсіп. Сөзіне аса нанбаса да, мынау жігітке қызғанып қалды.
— Иә, сол. Қаниқолға келіпті.
— Білем... Сен тәуір көретініңді айттың ба?
— Жоқ.
— Әрине Алманың өзі сездірді, ә?
— Жоқ.
— Ойбай-ау, ендеше не?
— Не?..
— Ол сені жақсы көретінін қайдан білдің?
— Маған күледі. Жабал дейді, — деді ол кеңкілдей күліп.
— Болғаны сол ма?
— Жабал дейді...
— Оны айттың ғой. «Жабал дейді».. Ту-уф, — ден Сейсен біржола түңілді. — О, құрымағыр-ау, сол ғана ма?
— Тс...
Есіктен Бәтес көрінді. Қолында қызыл сырлы екі зерең-аяқ. Сорпаны ернеулете құйған сияқты; жүрісі баялау. Сейсеннің қабағына көлеңке үйіріле қалғанын ол анадайдан аңдады. Сәл тіксініп, Жабалға қараған, оның ойында дәнеңе жоқ, аузының айналасы ағал-жағал май, күлімдеп отыр екен.
— Жабал, ішіп болдың ба?
— Иә.
— Жинал, үйіңе апарып салайын.
— Өзім де барам.
— Қаленнің машинасын гаражға апарып, сені жолдан түсіріп кетем.
— Алақай, ге-ге-ге, — деді Жабал күліп, санын шапалақтап.
— Шай ішпейсіздер ме, Сейсен? — Бәтес: «қайта келесің бе үйге?» деп сұрамақ еді, көңілі алабұртып батылы кетпеді.
— Жоқ.
— Иә-иә, жоқ. Ішпейміз. Жүр, жүр енді, Сейсен. Сен тек « мәшинеге мінгізем деп алдама, — деді Жабал көйлегінің жеңімен аузын олай-бұлай бір сүртіп. Етегінің түріліп кетіп, қарнының тасырая көрінгенінен де қысылатын емес. — Қазір мінсем... Мәшинеге сонда жиыр ма төрт рет мінген болам.
— Сен былтыр да жиырма төрт рет міндім дегенсің.
— Иә, саған. Мен былтыр Қаражан шал өлгенде ғана бір рет міндім. Онда да мола қазасың деп отырғызды. Сен тек алдама мені...
— Жә, жүр...
Сейсен мен Жабал шығып кеткеннен кейін Бәтес төрдегі қызыл-күрең кілем үстіне тізе бүкті; сәлден соң булыға ұзақ жылады.
Үй-іші жап-жарық. Шағын дастарқанда жиюсыз, ішілмеген бір аяқ сорпа беті ақ кілегейлене қатып тұр.
Таң рауандап келеді. Әне, ауылдың орта тұсынан көрінген қой-ешкісі аралас елу-алпыс шамалы ұсақ жандық далаға шашырай өріс алды; түнімен қапырық аула ішінде иіріліп, әбден ішқұста боп жатқан мал емес пе, таңғы қоңыр салқын самалда, ылғалды жас көктің басын - әр жерден бір шалып желдеп барады. Қой соңында ақ жейделі қоңыр шалбарлы, басында күн қағары мыж-ши қалпағы бар орта бойлы жігіт. Қонышты қара ботинканың бауын біріне-бірін айқастыра байлап, сол иығына іліп алыпты; өзі жалаңаяқ. Оң қолында қысқа, қызыл жыңғыл сапты, ұзын жылан қамшы; онысы жерге сүйретіліп келеді. Далиған үлкен ақ тақыр дала жолын күндегідей бұ жолы жиектей жүрмеді, кесіп өтті. Қайрылып артына қарады: «Балалар үйіне» машинамен әкетпек болған; секіріп түсіп осы жолмен қаштым. Өзеннің арғы бетіндегі өткілші шалдікіне тығылдым ғой. Бәлем, ал тауып көр. Шал бір уыс ірімшік, құрт берді», — дегісі келген сияқты.
— Жа-бал! Әй, Жабал! — деген дауыс соңынан талып жетіп, оның ойын бөліп жіберді. — Жа-ба-ал!..
Жігіт самарқаулана бұрылды. Ауыл жақтан екі әйел орамалдарын бұлғап, үш-төрт қой, ешкіні қуалап келеді екен. Жабал естімегенсіп сырт айналды да жүре берді. Әйелдердің: «Уа, Жабал! Тоқта деймін-ей!» дегеніне қайрылатын емес.
Екі әйелдің толықша, ақсарысының даусы-ақ зор; таңғы далада жаңғырыға шаңқ-шаңқ етеді. Қолын сілкіп-сілкіп қояды. Жалт беріп ауылға қарай қашпақ болған ақ тоқал ешкіні «шек-шек келгірлеп» тықсыра қуады. Қисық аяқ, ұзын қара келіншек те шіңкілдеп әлдене дейді. Сөзі анық естілмейді.
Жабал! Ей, Жабал! Мынау керең шығар.
Жабал қарқылдай күліп тоқтады.
— О, жынды! Қосырей-ау, естіп тұрып неге үндемейсің!? Неменеге пәлденесің? О, жарым! — деді әлгі келіншек екі беті алаулап. Ағы мол қара көзі жалт-жұлт етеді. — Адамды дірдектетіп...
Тал түске шекті ұйықтама.
Ойбай, бетім-ай мынаның тілі шығайын депті. Қара... Қара. Ей, сен неменеге, ыржақтайсың?..
Жабал бұрын-сонды өзі білмеген қызық көрсетті; тым бейқам жақын келген келіншекке өңіреңдей, тапап өтердей ұмтылды. Абдырап аяғы шалынысып кетті ме, қалай; келіншек ебедейсіз, етегі түріле етпетінен түсті. Жабалдың да күткені сол ма, қарқылдай күліп, оның үстіне құлады. Аунай әрі асып түсті.
— Өй, жынды! Кет әрі, малғұн! — деп толық келіншек етегін түзей қызарақтап, орнынан атып тұрды. Мана Жабал ұмтылғанда әудім жерге ыршып кеткен ұзын қара келіншек бетін шымшылай күледі.
Жігітке ойын керек. Ұшып түра келген:
— Әй, байыма айтам! Кет... Милтсаға жаптырам, — деді толық, шырайлы келіншек түсі қаша. — Жақындама... Тәрбиесіз. Ақымақ!..
Жабал іркіліп қалды. Келіншек шегіншектей ығысып құрбысына жеткесін, ақ көйлегі желбірей ауылға қарай жоса жөнелді. Қайырылмады. Екі келіншекті көзімен ұзатып салып, Жабал жерден қамшысын алды. Күлкісін де қойды. Желкесін қасып сәл кідірді де, желдеп, ұзаңқырап кеткен малына бет түзеді.
Күн жиектен құрық бойы көтерілген; жер бусанып, тыныстап жатыр. Қара көк ойпат үстінде ақ кіреуке шарбы бұлт қаз бауырлай қалықтап тұр. Жабал қойдың басын қайырып тастады да төбесі ақ тақырланған белге шығып отырды. Тікенек кіріп, қурайдың түбірі сойып кетіп талай жарақаттанған күс-күс аяғын шұқшия, шұқып әуре. О да жалықтырды білем; сәлден соң манадан иығында салақтап жүрген ботинкасын жастанып, шалқасынан жатты.
Көгілдір аспан.Әр жерде шала түтілген түбіттей жабағы бұлт. Жабал сансыз рет көрсе де сырын ұқпаған сонау көкте қара ноқаттай дала бүркіті қалықтап жүр. Иә, бүгін о да көңілге ыстық, жақын сырласы сияқты. Нeгe? Қалайша? Неліктен? Оны әрине Жабал айта алмайды.. Әйтеуір бүгін дала да, көк те шырайлы, кең. Шөптің иісі де өзгеше «Алма... Ал ма маған күлді. Жабал, төрлесейші. Неге қысыласың? Ұялма. Мен ертең оқуға қайта жүрем. Отыр шай құяйын» деді... — Жабал көзін жұмды. Қасын керіп, көзін ашты. Ізінше селкілдей күлді. Ыңырси аунап түсіп, көкке қайта қарады. Күлім-күлім етеді. Көгілдір, мөп-мөлдір аспан. Селдіреген ақ селеу бұлт көрінбейді. — «Мақтап жүреді екенсің, ас үсті не келдің , — деді Алма... Сейсен де қызық. «О не дейді?» — дей береді-ай. Өзі мені келемеждемеді ғой. Қаленнің мәшінесіне мінгізді...»
Жабал терең тыныстап, күндегісінше мызғып кетті.
Екі шекесі солқылдай ауырып, Бәтес орнынан әзер. тұрды; қос қолымен мандайын сығым дай ұстап, бөлмеде жалғыз сенделіп жүр. Сейсенмен сөзге кеп қалып, түнде кеш жатқан-ды. Үш жылдың ішінде бұл түңғыш рет оның күйеуінің бетіне тура қарағаны; қалай, неден көтерілгенін білмейді; ұрынайын деген адамға дәлел аз ба? Бәтес әлдеқашан суыған тағамды ілік етті де тиісті. Тиіскенде іс пәлендей көңіл қалдырар дәнеңе демеді. Тек бар болғаны: «Үй орманыңды ұмыттың. Астың суығанын айтасың, көңілдің суығанын білмейсің. Қит етсе нағашыңа жайлауға кетесің. Үндемейсің. Мен түк сезбейді деймісің?Анау каникулге кеп кеткен, болашақ дәрігер қызға әуейіленіп біраз сабылдың. Менің онан нем кем. Мылқаумын ба, саңыраумын ба? Жазығым не? Неге өйтіп қорлайсың? Сені сүйгенім үшін бе?» — деді де, неше күннен тас-түйін боп көкірек түбінде қатып жатқан шерін ақтара жылады. Жайшылықта үндемей киініп, үйден шығып кететін Сейсен бұ жолы өйтпеді: «саған не болды, Бәтес? Жә жетер... көрші-көлемнен ұят қой», — деп құшақтап, ыстың жас жуған бетінен, тіпті көзінен де сүйді. Сол сол-ақ екен, Бәтес өзін-өзі тоқтата алмады. Шағына ұзақ жылады.
Күйеуінің киімін жуып, түн ортасы ауа жатып еді; ұйықтап қалыпты. Бас қанқақсап барады. «Мені Сейсеннің оятпағаны несі? Аш кетті-ау. Оразасын ашпай жүре беретін», — деп Бәтес өкіне қабағын шытып қойды. Қайта төсегіне кеп тізесін құшақтай отырды. Әлдене есіне енді түсті ме, көзі жылт етіп күлімдеп кетті. «Сейсен де қызық... «Жабалдың көңілі не желік бітіпті. Бір қызға ғашық білем» дейді. Біреуге көз тоқтатқандай халге жетсе, оның адам болғаны емес пе? Жабалға кім жылы қараса, сол жақсы. Әсем адам. Ол маған «өйдеді, бүйдеді» деп шыға келеді дейтін. Жоқ-ау, соның өзі еркек пе екен?.. Бетім-ау, мен не деп отырмын. Ұяттағы...» Бәтес үйде жалғыздығын ұмытып, жалтақтап қалды. Ізінше орнынан асыға тұрып, төсегін жинады да, ауызғы бөлмеге бет алды...
Ол үй-ішінің күйбең тірлігімен сәскеліктің боп қалғанын аңдамады; өзеннен су әкелгелі иін ағаш пен екі шелекті көтеріп көшеге шыққанда ғана күннің тас төбеге кеп, шақшиып тұрғанын байқады. Көлеңке де қысқарыпты; бетке бір ыстық алап соғады. Үйлердің бәрі де осы қазір иесіз қалғандай; есік, қақпалары жабық, тіпті терезелерге де газет, қағаз ұсталған. Көшеде жүргендер де некен-саяқ. Ауылдың шетіндегі жатағандау қораның көлеңкесінде екі ақ ешкі тұр. Әріректе бір ит тілі салақтап жатыр. Бәтес қауып алар деді ме, әлгінің қасынан ығыстай қорқа-қорқа өтті...
Өзен жағасы уда-шу; қаптаған бала. Қаракөз балықтай айдында жүзіп, кейде шортандай шоршиды. Тік жардан қарлығаштай, қалықтай қарғып, басымен шаншыла түсіп жүргені де бар. Жағадағы қиыршық, сары топыраққа аунап, қақталып жатқан алты-жеті жастың шамасындағы үш баланы қызықтай қарап Бәтес ұзақ тұрып қалды. Бір сәт Сейсеннің қабақ кірбіңін де, ол енді сезгендей болды. Бала үні ашық, шат күлкісі жүрек түбін жылытып, ыстық тартып барады. «Осының ішінде біздің де бір қарасирағымыз томпалаң дап жүрсе, Сейсеннің де көкке жетер еді-ау. Мен әрине оны өзенге жалғыз жібермеймін. Құдай сақтасын суға кетсе қайтем. Қой... Жаманаттан аулақ...» — Бәтестің жардың басын да үнсіз тұрып қалғанын батылсыздығына сайды ма, қиық көз бір қара бала жүгіріп кеп:
— Апа... Апа! Шелегіңді бер. Су әперейін, — деді.
Бәтестің ойы бөлініп кетті. Балаға тандана қарады.
— Маған айтасың ба, балақай?
— Иә, апа.
— Мә, әкеле ғой.
Бала темір шелектің тұтқасын шылдыр-шылдыр еткізіп бұлғақтата жүгіріп барады. Әне, ол өзенге қойып кетіп, белуарынан келер тереңнен екі шелекті мықшындай көтеріп шықты. Төңірегіне: «мені көрдіңдер ме? Апаға көмектесіп жүрмін», — деп масаттана көз тастап қояды. Жарқабаққа жеткізбей Бәтес өзі алды; бала да пәлендей қарсы болмады. Ауырлығын сезсе де, сыр бермей келе жатқан.
— Рақмет, айналайын! — деді Бәтес қара көзі жайнаңдаған баланың басынан сипап.
Үйге келгенсін де сол бір сүйкімді қара бала көз кетпей-ақ қойды. Ол енді өзінің де кішкентайсыз өмір сүре алмасын, әлденеге алаңдай берерін, сағынарын сезінді; сөйтіп шаршап, сөйтіп ызаланарын, күйінерін де білді. Алабұртқан көңіл, қапырық бөлме тыны сын тарылтып, Бәтес далаға қайта шықты. Әйткенмен дала салқындау көрінді; ол ауланың төріндегі қораның көлеңкесіне кеп отырды. Еш нәрсеге құлқы жоқ, марғау. Әрі күйеуі бүгін түскі үзіліске келмеспін деген-ді. Ыстықтан ба асқа да қарағысы келмейді. Әлгінде шөліркегендей болғансын салқын қымыз ішіп еді, жүрегі кілкіді. «Көршінікіне кіріп шықсам ба?» — деп ойлады ол.
Қой, зерігіп жүр екен дер. Өздері бір ауыл-үй боп бас сұқпайды. Қит етсе: «бала-шағамен алысумен күніміз өтеді. Үй ішінің күйбең тірлігі аз ба?!» — дейді. Мен сонда баласыз, не істерін білмеген есірген жанмын ғой шамасы...»
— Ойхой, күннің жануын-ай! Белқұлы жалап барады щи ей, — деді Бәтес басындағы шаршы орамалын шешіп, сонымен желпініп.
Үлкен қара қақпаның кісі кіретін шағын есігі сықырлай ашылып, аржағынан Жабал көрінді. Ыржиып күліп келеді. Ботинкасы шаң-шаң.
— Әй, Жабал-ау, малың қайда? Бұ не жүріс? — деп Бәтес етегін жия отырды.
— Күн ыссы. Малды ауылға көлеңкелетуге әкелдім.
— Ә... Солай де. Саған осы өткен екі айдың ақшасын бермеп пе едім? Бердім ғой. — Бәтес Жабалдың жүзіне үңіле қарады.
— Екі қойдікін алдым. Кейінгі анау қарақойдікін бергенің жоқ.
— Қарашы ұмытпауын, ә?!. Жә, қазір бізді қинама, — деді Бәтес орнынан серпіле тұрып. Етегін қаға түсіп іркілді: — Ей, Жабал, қайда барасың?!. Қымыз ішіп кет.
— Қымыз ба? Е, болады.
Жабал кеберсіген ернін жаланып, ыржия күліп кейіп қайтты. Әлгінде Бәтес отырған кеспелтек ағашқа жайғасты. Асықпай ботинкасын шешіп, қасына қойды. Өңірі алқа-салқа. Жарқырап қарнының көрінгенімен ісі жоқ, көйлегінің етегімен бетін сүртті. «Осы үш қойдың жыры бітпеді-ау», — деп ойлады Бәтес зерен, аяққа қымыз құйып жатып. — Күзгі соғымға, не сыйлы қонаққа соярмыз. Біреу келе қалса кімнен сұрап тілемсектеніп жүреміз» деген Сейсен. О да жөн-ау... Таңдайы кеуіп шөлдеген білем. Қымызға қуанып қалды ғой. Ішсін. Әйтпесе ертең бір қойыңның ақшасын қашан әкелесің деп қойларымды кі сілердің көзінше дүркіретіп, быт-шыт қуар. Жынды емес пе». Бәтес елпілдеп, үлкен зерең аяққа толтыра құйылғам қымызды алып жетті. Жалаң аяқ, жалаң бас, алқа-салқа талтайып кеп отырған Жабал келіншектің қалай толы оралғанын андамай қалды. Табаны күректей, бәшайлары барбиған қара-қожалақ аяғын әзер, еріншектене жинап малдасын құрды. Зерең-аяқты қолына алып, Бәтеске еш мағынасыз ыржия күліп қойды.
Екі аяқ қымыздан кейін ғана:
— Болдым, — деді көзі күлімдеп.
Бәтес босаған зерен, аяқты үйге апарып тастап, қайта оралды.
Жабалдан үш-төрт қадамдай жердегі төңкерулі тұрған ескі, қарала шелектің үстіне кеп отырды. «Сейсен жақында жалақысын алады. Ақшанды сонда берем, жарай ма, Жабал?» демек еді Бәтес, енді онысынан айнып қалды. Көз алдына Сейсеннің шырайлы жүзі, қабақ кірбіңі, әлгінде өзі өзен жағасында көрген қара домалақ сәбилер келді. Қымыздың қызуы ма, ыстықтан ба, жоқ әлде мынау кесек бітімді жігіттің жусан иісі сіңген тұлғасы баурады ма; жас келіншек әйтеуір үмітін соған артқандай болды. Үміттің қашан да қиял қозғайтыны бар емес пе? Бәтестің көкірегінде аналық сезім сағыныш оянды. Соған деген аңсары ауды. Күні ертең-ақ үзілгелі тұрған үміті жалғасып, Сейсен екеуі бір торсық шекені әлдилеп отыратын да тәрізденіп кетті. Арманы да Бәтестің осы еді ғой. Ал, адамға арман не істетпейді? Отқа да, суға да түсіретін сол. Бір сол ғана... Сейсен де жабырқамайды, сүйеді, әрі сәбилі болады. Бәрі осы бір сәтте Бәтестің батылдығына, талайдан қанына сіңген ер алдындағы адалдық, жар парызы дегенді білдірмей аттап өтуіне байланысты боп қалды. «Сейсен білсе ше? Құрығаным... Қой, оған оны кім айтады? Мынау Жабал жары мес пе? Ол жынды не біледі, ұмытып та кетеді... Өзі былай ажарсыз да емес-ау деймін». Бәтес өрекпіген көңілін басқалы орнынан көтерілді.
— Жабал, жүрші, — деді баяу.
— Қайда?
— Үйде бір сандық бар еді... Соны көтерісші, — деп Бәтес үйге бет алды.
Жабал орнынан тұрып, аузын кере есінеп қойды. Үйге бет түзей түсіп, бұрылып артына, жерде жатқан шаң-шаң ботинкесіне қарады. Ала барсам ба, деп ойланып тұр. Қалсын деді білем, ышқырын көтеріп қойып қайрылмай жүре берді.
— Өй, үйің қараңғы ғой.
— Бері... Бері келші, Жабал, — деді әйел үні тұншыға...
Қар жапалақтай жауып тұр. Әйтсе де күн жылы. Күндегідей емес, бүгін көшеде қараңдап жүргендер де көп.Әне біреу өгіз арбамен шөп алып барады; әлсін-әлі танауынан буы бұрқыраған қызыл өгізді «шу-шулей» қамшылап та қояды. Бірін-бірі тыңдамай жарыса сөйлеп,мектеп балалары өтті. Үйдің мұржаларынан көтерілген түтіндер де әр түсті: көгілдір, ақбоз, қаракүрең... Бұлардың бірін де елемей көк елтірі жағасы өрім-өрім сарғыш, ұзын пальто киген, аяғында табанын ұлтартқан қоңыр пимасы бар, қара бөрікті жігіт бүгежектеп келеді. Жерден басын алмайды. Асыққаннан ба, жүрісі де өнімсіз.
Қызыл талдан тоқылған аласа шетен ауланың тұсынан өте бере мойнын созып қарап еді:
— Оу, Жабалмысың? Әй, бері кел. Мына шөпті түсіріс, деп біреу тура аңдып тұрғандай іштен айқайлады.
— Қолым тимейді.
— Е, неге?
— Қалендікіне барам.
— Ойпыр-ай, ә? Жабалдың да қолы тимегенсін қойсайшы бұ тірлік дегенді, — деп жатыр әлгі дауыс даурығып.
Былай шыға Жабал бөркінің қалқиған құлағын түсіріп, баса киіп алды. Ол кез-келгенге көмектесе бермейтін. Көңілінің қошына қарай істейді. Жалпы қару етер қара жұмысқа жоқ адам. Жалқаулығы мол. Бұнысын да ел елемейді; жынды, ақылы кемге айттың не, қойдың не бәрібір түсінбейді дей салады. Жабалдың қай үйге де келіп-кеткені көзге ілінбейтіні де сондықтан. «Сен кеше қысылып жатқанда қол ұшын бермедің-ау, Жабал», — деп жан баласы өкпелемейді де, ас үстіне келе қалса құр ауыз жібермейді. Әрине оған арнайы шай қойылмайды, ет асылмайды. Жабал да оны жоқтамайды. Қазір де ол бағытсыз, бағдарсыз келеді. «Қалендікіне барам» дегені жәй сөз. Тіл алмаудың амалы ғой. Әлгінде ғана ол үйдің тұсынан өтіп кетті. Мынау үлкен қара қақпалы үй Сейсендікі. «Құйқаның иісі шығады ма? Мал сойған-ау шамасы. Неге? Қонаққа ма?» — Ол еріксіз іркілді. — Кірсем бе? Тағы да Сейсен: — «Әй, күйеу бала, дәрігер қарындасымнан не хабар? Қашан тойыңа шақырасың?» деп күлер. Алманың күйеуге шығып кеткенін білсе де қоймайды. Сейсен жаман. Қалжыңқой...»
Жабалдың ойын құлақ тұсынан естілген дүсір бөліп жіберді. Жалт қараса... Жатаған қара шанаға торқасқа ат жеккен Сейсен. Үстінде ақ тон, басында қоңыр құнды: бөрік, шанада шалқайып жатыр. Екі беті албырап қызарған, күлім-күлім етеді. Жабал сырт айналып жүре бермек болған:
— Әй, Жабал! О, тәңір атқыр, қайда барасың? Тоқта! — деді.
— Қалендікіне барам.
Жабал ыржия күліп, кері бұрылды.
— Қалендікіне? Қалендікі со жақта ма? Сен өтірігіңді қой, — деп Сейсен шанадан түсіп, аттың делбесін жинай бастады.
Жабал кеңкілдей күліп жіберді де:
— Сен менің өтірік айтқанымды қайдан білесің-ей? — деді.
— Көзіңнен білем.
— Көзімнен? Қалай... Қалай?
— Көзің күлмейді.
— Көзің күлмейді дейді, — деп ол енді ге-ге-лей күлді.
— Әй, болды ыржалақтауың. Мұнан былай өтірік айтпа.
— Жарайды... Сендер қой сойдыңдар ма?
— Иә, Бәтес кішкентай бөпелі болды. Ұл тапты. О, ақымақ, мені құттықтамайсың ба? — деген Сейсен; Жабал елден көргенін істеп, жалбақтай оның қолын алды. Неғұрлым қатты қысса, соғұрлым ырза болады деді ме, Сейсеннің қолын сығып жіберді. — Өй, ақырын! Ақымақ қайтеді... Мә, мынаны үйге алып жүр.
Ол шананың үстіндегі кішкентай, бір айырдай шөптің астынан бүйірлі сары сөмкені шығарып, Жабалға берді. Үйдегілерлер Сейсеннің келгенін терезеден көрген тәрізді; қақпа екі жарыла ашылды. Тыпыршып тұрған торқасқа әй-шәйға қарамай жұлқына жөнелді.
— Тр!.. — деп Сейсен де делбені жұлқа тартып қалды. Торқасқа басын қайқаңдата, аузын қайшылай жер тарпиды.
Жабал ауланың ортасына құрылған екі-үш ошақты көріп, қуанып кетті. Жас еттің иісі сілекейін шұбыртты. Шананың соңынан ілесе кірген; төңірегіне таңдана қарап, алақтап тұр. Ауыр сөмкені алатын адам болса бере де салмақ сияқты. Қазан-ошақтың төңірегіндегі кемпір-сампыр көңіл бөле қоймағансын ол үйге бет алды.
Кең бөлме іші толы адам. Бәрі де іргені жағалай отыр. Қыз,келіншек, жігіттер. Қызыл-күрең кілем үстінде көлдей дастарқан жатыр. Есікке жақын шетінде екі қара торы, сүйкімді келіншек бір бүйірлі, сары самаурынды орталарына алған; кезектесе шай құяды. Дабыр-дұбыр әңгіме. Әлде кім домбыраны тыңқ-тыңқ шертіп, күйін келтіре алмай әуре. Жабалдың дастарқандағы әртүрлі тағамнан көзі тұнды. Шегі шұрқырап, жүрегі сазып, қарны ашқанын сезінді. Кім екенін қайдам, әйтеуір бір жігіт!
— Оу, Жабалмысың? — деп еді, өзгелері де:
— Әй пәлсінбей төрлет.
— Қайдан жүрсің?
— Қолыңдағың не? — десіп жамырасып кетті.
Жабал езу тартты. Қолындағы ауыр сөмкені қайтерін білмей қипақтап тұр. Даладан етжеңді, күпейке киген әйел кірген; әлгі Жабалдың қолындағыны сұрамай-ақ жұлып әкетті. Тандана қараған Жабалға «далаға шық» деп иек қақты.
— Оу, Жабал, қайда барасың? — деген дауысқа жігіт енді қайрылмады. Әйелге ілесе шықты.
Аула іші абыр-сабыр. Күбір-күбір сөз. Қазандық басындағы әйелдер жүгіргіштеп жүр. Біресе қораға, біресе кіреді. Қазанға қарай да бүлкілдеп бара жатады. Қар жапалақтай жауып тұр. «Майлы сорпаны қар суы сұйылтады-ау» — деп ойлады Жабал. «Мейлі, бәрібір мен ішпейім ғой...» Ол қазандық басына барғысы келмей, қақпаға қарай бет түзеген:
— Әй, батырекесі-ау, саған не болды бүгін? Тұра, тұра қашасың. Жүр, — деді қорадан шыққан Сейсен. — Қонаққа арақ ашып, әкеп беріп отырасың. Жарай ма?
Жабал мақұлдай басын изеді. Сейсен оның жауырынынан қағып қойды. Үйге кірер жерде, Сейсен де тоқтатып:
— Қыздар көп. Бүгін соның біріне құрық сал. Жігіт емеспісің. Алманың күйеуге тигеніне қайғырма, — деді.
Жабал аса қайғыра қоймаған сияқты; арсалаңдай күлді:
— Балаңды көрсетесің бе, Сейсен?
— Көрсетем. Жүр...
Арақ пен етке, сорпаға сылқа тойған Жабал Сейсендікінен таңға жақын шықты. Өз-өзінен кеңкілдей күліп келеді.
Айнала ақ ұлпа қар. Төңірек тып-тыныш. Ауа шымыр,сары аяз. Қар аяқ астында сықыр-сықыр етеді.
* * *
Арада үш жыл өтті.
Бұл бір көктемнің ала бұлт, қоңыр салқын күні еді. Әлгінде ғана жұмыстан келген Сейсен қораның қасындағы кеспелтек ағаштың үстіне газет жайып отырған. Ауланың әр жерінде жаңбыр қағы жылтырайды. Үш жастың шамасындағы ақсары бала ұзынша шыбықпен қақ суын шұқып, айнала шауып жүр. Кейде әдемі, жұдырықтай қызыл ботинкасымен кешіп-ақ кеткісі келеді. Әйтсе де самаурын қойып жүрген ақ орамал, қара қамзолді шешесінен именеді. Етегі шолақтау жасыл, жұқа пальтосы да, анау басындағы төбесі шошақ тоқыма телпегі де сәбиге арнайы тіктіргендей қонымды екен. Сейсен тізесіне қойып жазып жатқан қағазын көк папкеге қайта салып, баласына сүйсіне қарап қалды. Сәлден соң папкені жанына қойып, плащын шешті; жаурынына жамылып, қара қалпағын түзете киді.
— Пап... па, мә, — деп сәби су-су шүберекті шыбығының басына іліп әкеп ұсынды.
— Қой, Асқаржан... Таста оны, қайтесің, — деді Сейсен зілсіз ұрысқан боп. — Кәне, бері кел. Мен саған қайық жасап берейін.
Асқар қолындағы шыбығын лақтырып тастап, әкесінің тізесіне кеп отырды.
— Мәссаған... Әкеңнің тізесіне жайғасып алдың. Ол саған қайықты қайтып жасайды, — деп Бәтес екеуіне мейірлене қарап күлді.
— Нешауа бір жөнін табармыз. Солай ма, балам?
— Шолай, — деді Асқар әкесінің даусына сала.
Алғаш тілі шыға бастағанда сәбидің әр сөзі жас ана мен әкеге ғажап жаңалық, ғаламаттай тапқырлық, ерен ақылдылық сияқтанатыны бар емес пе? Бәтес пен Сейсен де мұндай жауапты күтпеген, біріне-бірі қарап таңқалды. Iле жамырай күліп мәз-мейрам болды. Айналды,толғанды.
Көкшіл папкеден қағаз алып, Сейсен қайықты сүйсіне жасады. Бар әкелік мейірімін бір жапырақ қағазға түйіп жатқандай. Ернін жаланып, кейде тістеніп қояды. Қағаз қайықты баласына ұстатып, тізесінен түсіргенде ғана қабағы жазылды, терең тыныстады. Үстін қағына орнынан тұрды. Ұйып қалған аяғын жазғалы аула ішінде қыдырыстап жүр. Бәтес самаурынның оттығын тағы да шұқылауға кірісті:
— Бәтес, Жабал төбе көрсетпейді. Жиі келетін еді.Сен оның настығынан жиреніп, бірдеңе дегенің жоқ па ?
— Ондағы жұмысым не?
— Бәсе ештеңе деме. Бейшара адам ғой. Асқаржан десе өліп-өшеді. Әзі балажан білем.
— Е, сағынып отырсаң әне... Кімді айтсаң сол келеді деген рас-ау деймін, — деді Бәтес кү ліп.
Жабал қақпаның кішкене есігінен көрінді. Өңі жүдеу, өмірі ұстара тимеген түбіт мұрты желбіреп өсіпті. Үстінде қоңыр купейке, галифе шалбар, аяқта ботинка. Өзі жалаңбас. Ыржиып күліп келеді.
— Әй, Жабал, аман ба? Қайда жүрсің, — деді Сейсен талтайып, бүйірін таянып тұрып. Жоғарыдан қарайды.
— Қол тимейді.
— Ойпыр-ай, ә?!. Бәтес, естимісің қолы тимепті.
— Папа... Папа, тәт... тәт, — деп Асқар қолын шошайта Жабалды меңзеді.
— Қара... Қара... Таныды-ай, ә? О, шайтан бала!
Сейсен аса разы көңілмен қарқылдай күлді. Бәтес Жабалды жақтырмай қалды; онысын сездірмей езу тартты. Жабалдың да көзінде ерекше бір қуанышты ұшқын жылт етіп, ойнап жүре берді. Жүгіріп барып Асқарды жерден жеп-жеңіл көтеріп алды. Сол-ақ екен мәз-мәйрам боп, бар дүниені ұмытты. Ат болып секірді, мойнына мінгізіп түйе сияқтанып тапырақтады...
Күн де батты. Аула іші ала көлеңке тартты. «О, да сәби-ау. Рахаттана күледі-ай», — деп ойлады Сейсен.
Көк папкесі есіне үйге кірер жерде түсті. Қараса, орнында жоқ. «Қайда кетті?..» Асқардың қолтығында, алау-далауы шыққан; қақ суына бір-бірлегі, әр парағын лақтырып жүр. «Қайық... Қайық, жүз» — деп қояды. Анадай жерде, кеспелтек ағаш үстінде күле қарап Жабал отыр.
— Өй, не істеп жүр. Қап... Керек қағазды бүлдірді-ау. Отчетім еді, — деді Сейсен ұмтылып. Сәбидің жылағанына қарамай тартып алып, құйрығынан қағып-қағып жіберді. — Ендігәрі ұлықсатсыз аласың ба, ә?
Жабал орнынан жын қаққандай атып тұрды. Жетіп барып Сейсеннің жағасынан ала кетті. Қылғындырып, мытып-мытып жіберді.
— Өй, жындандың ба? Жібер деймін-ей!
— Жабал... Жабал, кет! Шық, кет! — деді Бәтес, әлденені енді түсінгендей шошына айқайлап.
Сол-ақ екен, Жабал сәл аңыра тұрып қалды да, жалт беріп қақпаға бет алды. Қақпаның есігі де серпіле қатты жабылды. Бала да жылағанын қоя қойды. Сейсен аң-таң.
— Асқарды жақсы көргенсін істегені ғой. Жынды-ай, — деді Сейсен ентіге жағасын түзеп, зорлана езу тартып.
Түсі қаша тек Бәтес үндемеді. Күйеуінен жүзін бұрып әкетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter