Өлеңдер ✍️
ЖҮРЕГІМ СЕН ДЕП ЖЫРЛАЙДЫ
Жүрегім бір сені ойлаумен маздаған,
Мен өзіңді іштей ғана қызғанам.
Қанат қақса қарлығаш жыр кеудем де,
Саған арнап жазам жырды аздаған.
Жүрегімнің саған арнап жүз әнін,
Төгіледі көмейімнен мұң зарын.
Ғашық болып мен өзіңе шынайы,
Күйін кешіп отырмын ғой Музаның.
Жүрегімнің сенен таптым бір емін,
Кімге керек жаралы менің жүрегім.
Іштей тынып сен жылаумен жүрген де,
Мен қалайша шаттанып бір күлемін.
Мен өзіңді әу бастан - ақ көздедім,
Өтті бастан қиналған сол кездерім.
Мен өзіңді мәңгі сүйем десем де,
Амал қанша бақытысың өзгенің.
Өткен күннен қалды маған елесің,
Міну қайда бізге бақыт кемесін.
Біз екеуміз бірге мәңгі болмаймыз,
Амалың жоқ тағдырыңа көнесің.
Ұсына алмай гүлін саған даланың,
Әттең, әттең мен армандап барамын.
Нұр төгіліп жүр еді ғой жүзіңнен,
Енді неге жабырқаулы қабағың.
Өкінгенмен өткен іске шара жоқ,
Жадыраумен күліп жүрсін жанарың.
Мені ойлама мені жоқ деп санағың.
Мен осылай жоқ күйімде қаламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter