Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2021
247
ҚАЗАҒЫМА
Қазақ деген атымыз бар қайсарлы,
Ата-бабам болды емеспе байсалды.
Өсек пенен өтірікке бет бұрып,
Бұл қазағым ұмытқандай жайсаңды.
Өсек айту халқыма жараспайды,
Өсек деген шындыққа жанаспайды.
Өсек айтып күндесең бір-біріңді,
Ақын жыры мұныңмен таласпайды.
Өсек айту ол күнә ауыр азап,
Қазағым қашанғы енді болар мазақ.
Оян қазақ, көзіңді аш, көтер басты,
Бұл жайында жырлаған ақын азақ.
Білсеңіз ақын босқа жырламайды,
Ертеңгі өміріңде болар қайғы.
Өсек айтып күндесек бірімізді,
Басымызда бақ мәңгі тұралмайды.
Бірің жүрсің байларға жағымданып,
Бірің жүрсің өсекте майың таңып.
Бірің жүрсің дін менен тілден безіп,
Бұл ісіңмен боларсың бірде майып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter