Өлеңдер ✍️
Алдаған арман немесе алғашқы сүріну
Сәулесі жоқ, о менің арманым,
Үмітімді, үмітімді неге жалғадың?
Шынымен-ақ жақсы еді ғой,
Үмітімді жалғамай-ақ қойғаның
Мен де ойладым, бағым жанар деп,
Тұлпарым озып, бәйге алар деп.
Ақанның Құлагеріндей боп тұлпарым,
Кім ойлаған мәреге жетпей қалар деп.
Орындалды арманым деп көптен күткен,
Бұл күнім қуанышты өтер деп, өткен күннен.
Қуанышы мәңгі есте қалар деп, түйген жүрек,
Өкініші мәңгі есте қаларын қайдан білген?
Сол бір дерт енді жазылмайды,
Алдаған арман, ауыр қайғы.
Күткенменен сол арманды,
Сол кездегідей бәрібір оралмайды.
Ол бір күн-жігерімді құм қылған күн,
Ол бір күн-намысымды қор қылған күн.
Бұрынғы қуанышты күндерімді,
Мәңгілік өкінішке толтырған күн.
Алдаған арман, сол бір күнгі,
Жараладың неге менің жүрегімді.
Ондай арман күтпейтіндей алдымнан,
«Ақтармын» - деп ақ тілегіңді.
Тағдырдың айдауы мен жетегінде,
Алыстағы арманыма жетемін бе?
Жұлдызым меенің жарқ етіп,
Ерте сөніп кетемін бе?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter