Өлеңдер ✍️
БАҚЫТГҮЛГЕ
Сүйдім сені, Бақытгүлім, бақ гүлім
Сенің көркем көздерің мен шат күлкің
Маржандайын тістерің мен ерінің
Маған берген сыйындай бір өмірдің.
Мен сенбедім махаббаттың барына
Кездестірмей сені жүрген шағымда
Көрдім сені көктемнің бір шағында
Жүргенімді түсіндім мен жаңыла
Махаббаттың ұлы сезім екенін
Сағынғанда сені, жаным түсінемін.
Алабұртып саған деген сезімім
Асығады жүрегіңе жүрегім
Тілдескенде өзіңмен күш аламын,
Жүрегіңнен сезімім нәр алғанын,
Сезінемін, мен пенде, сезінемін,
Айырылысар шақтарда нән арманым.
Ғашықпын мен, – өзгеге сездірмеймін,
Махаббаттың бақшасын кезгендеймін.
Өмірімнің гүліне айналған сен,
Үп еткен жел бетіңе түсірмеймін.
Ғашығыма сүрінбей жету арман
Бақытымды ұшырман мен де қолдан
Қымсынбай-ақ сырт көзден жаным, қалқам,
Келші маған, Бақытым, келші алдан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter