Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  252


Автор: Сатқан Молдақасұлы

Соғыс зардабы

Біткеніне соғыстың,
Өтсе де көп жыл шамасы.
Құрбан боп кеткен боздақтар-
Көңілдің бітпес жарасы.

Еске түсіп,елестер,
Мерт болған туыс қазағы.
Аяқ ақсақ,қол шолақ,
Сол соғыстың сазасы.

Соғыс өртің көргеннің,
Тарқамас мәңгі ызасы.
Өмірі жүрек кек тұтар,
Таусылмас жанның ызасы.

Тілейді халық сондықтан,
Өшсін деп соғыс қарасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу