Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2021
136
Қара жер
Жадыратып бәріңді күлкіменен,
Көңілсіздік көрмейсің бір күні менен.
Табаныма сезіліп тұрады ылғи,
Жұмыр жердің жүрегі бүлкілдеген.
Биік ұстау мақсатым шынарымды,
Сенем,білем сан сынға шыдарымды.
Құшағына анамдай қара жердің,
Кім білсін қашан барып құларымды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter