Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  190


Автор: Қалқаман Сарин

Жұлдыздардың жалынына Түн балқып...

Жұлдыздардың жалынына Түн балқып,
Балбырайды, құшағында мұң қалқып
Сені еске сап айлы аспанның демінен,
Жұпар сезім тұрды аңқып.

Дала мүлгіп, қала қалғып... бәрі үнсіз.
Өзің жайлы ойлар ғана дамылсыз
Жер мен көкке сыймай тулай береді,
Мендік сезім – сабырсыз.

Жұлдыз ақса... Сағынышым сыр беріп,
Хат жазамын қанатына үлгеріп.
Сен туралы айта алмады ештеңе,
Түннің тілі күрмеліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу