Әңгімелер ✍️
ІРІМШІККЕ МАЙ ҚОНДЫРҒАНДАЙ
Ұйытқыны қазандағы сүтке малып алса болды сүт бірден дір-дір етіп тортадай ұйып түседі. Оны ағаш қасықпен араластырып отырып қайнатады. Ең соңында сүт сарғыш тартып, жапырақтанып алақан аумағындай ірімшік түседі. Оны ұзақ және жақсы сақтау үшін көлеңкеде желдетіп, кептіріп алады. Мұндай ірімшіктер қызғылт түсті болады. Ал күн көзіне кептірілгендері сарғыштау болады. Алдыңғысын түсіне қарамастан ақ ірімшік, кейінгісін шыны ірімшік дейді. Ерте заманда тәттінің болмағаны белгілі. Сол тәттінің орнына осы ірімшік жүрген. Ауылдың шайқой қариялары болыскей самауырындарды осындай ірімшіктерді майға бұлғап тісіне баса отырып тауысқан. Мұндай қариялардың дастарқан басындағы сөздері де, шайды сораптап тартыстары да жарасымды болады. «Ірімшікке май қондырғандай» деген сөз соған қарай айтылған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter