Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
11.08.2021
1329
АУРУ – АСТАН, ДАУ – ҚАРЫНДАСТАН
Не нәрсе болсын өзіміздің қажетімізге қарай бұрып аламыз. Ауру – астан деп тақ ете қаламыз. Екінші жартысын айтпаймыз. Дұрысы көмескіленген. Бұл мақалдың екінші жартысы – дау – қарындастан.
Осындағы қарындас сөзін әйел баласына қаратып айтып жүрген жайымыз бар. Шын мәнінде ол бір қарыннан шыққанға қаратылып айтылған.
«Қарындастан айырылған жаман екен, мөлтілдеп екі көзге жас келеді…»
Бұл жерде туған бауыр жөнінде айтылып тұр. Ал мына мақалдың жөні бөлек. Мұнда әңгіме енші бөлісі жөнінде айтылып тұр. Ағайындылар арасында даудың енші бөлісуден басталатыны белгілі. Олай болса дау – туған бауырдан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter