Өлеңдер ✍️
Махаббатсыз өмір тұлын білген жөн
Айтолқын! — деп, ат қойып ем. Бойдақ ең.
Минутына мың қарасам тоймап ем.
Қосты тағдыр бізді ақыры, о тоба,
Айтшы бүгін, сонда сен не ойлап ен?
Мың тоғыз жүз отыз бестің жазында,
Мөлдіреген көзіндегі назыңа
Ұсынғанмын жүрегімнің лүпілін,
Махаббаттың құлдық ұрып Заңына.
Көз алдымда сұлу бейнең сондағы,
Аққу едің, айдын көл ед қонбағың.
Сол айдының мен болсам ед, жан еркем,
Ой дүние-ай, не керек, ол болмады.
Әлі есімде арқандағы қос бұрым,
Балтырыңды сипап толқып кешқұрым.
Алтын тақияң әлдиленіп басында...
Жанарында жарқылдайды Жан сырың.
Толқын ұрған тал шыбықтай көлдегі,
Аш беліңе сүқтанушы ем жасырын.
Жарқын жүзің, мөлдір көзің, ерке ерінің
Жастық шаққа еркелігің көргенмін.
«Сүйер ме едім... Мәңгілігім етер ме ем»... —
Сүйе алмаған қасіретіме көнгенмін.
Сөйтсем... Сенің бар екен жар-жолдасың,
Сүйгендерге кесел еткен оңбасын.
Жан жарыңды жайратыпты қатал жыл,
Сен азбапсың қасірет қанша торласын.
Жарты ғасыр жүрегімде сен жүрдің...
Мен кей-кейде аңғал шапшып сүріндім;
Білдім сенің сыңар аққу екенің,
Ал мен болсам тағдырыма жүгіндім.
Жарты тасыр содан бері өткенде,
Өкінбелік екеуміз де өткенге.
Тағдыр бізді қосты бүгін дәтті қып,
Арылмасын Жылылық пен Тәттілік!
Сенде,
Мен де,
Сүйгеміз жоқ жаман Жар,
Мәңгілікке кетті олар... не шара бар?
Сенің жарың,
Менің жарым
Бұрынғы
Екеуі де еді-ау ғажап адамдар.
Біз қысқартқан жоқпыз олар өмірін,
Тілегеміз жоқпыз олар өлімін.
Тірлік заңы — Тірілерге... Көзіме
Бұрынғыша аққуым боп көріндің.
Жақсы жігіт еді жарың — Нұржаның,
Сондай жанға жар болыпсың ырзамын.
Нұржан жайлы ыстық-ыстық сырыңды
Айтқан сайын келе беред тыңдағым.
Жарты ғасыр содан бері өткенде,
Өкінбелік екеуміз де өткенге.
Тағдыр бізді қосты бүгін дәтті қып,
Арылмасын Жылылық пен Тәттілік!
Есінде ме! Сені ұнатып Мертайым:
Біздің «Кәрі қызымыз» — деп әрдайым
Мақтанушы ед... құрметтеуші ед — сен
«қызды»
«Жұмашжан!» — деп, — қыздардың ен
Жұлдызы,
Енді ол өзі мәңгілікке кеткенде,
Бақыт—құсым саған тура жеткенге
Аруағына рақметімді айтайын,
Жұмашыңды жүрегіммен өпкенге.
Қосылмаппыз демелікші ертерек,
Әзіліңмен күлімдеші еркелеп!
Күнде екеуміз жиырма бесте болайық,
Екеумізге сол ғана енді ылайық!
Сол баяғы сүйкімді кең мінезің—
Ақылыңнан әз парасат сеземін.
Қаның таза, қайырымшыл меһербан
Өміріңнің алсаң да қай кезеңін.
Айтолқын! — деп, атқойып ем... бойдақ ең,
Минутына мың қарасам тоймап ем
Қосты тағдыр бізді ақыры... о, тоба...
Айтшы бүгін, сонда сен не ойлап ең?!
Жан сырымды міне осылай ақтардым, —
Төзе алмадым қашанғы айтпай сақтармын.
Жүрегімнен төгілді ыстық өлең боп,
Тапсырайын енді өзіңе! Жатқа алғын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter