Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.08.2021
165

Қабдыкәрімге
Пәк едің таң нұрынан жаралғандай,
Жан күйге сол сәуле боп таралғандай.
Жайсаң ен іш дүниең шексіз сұлу,
Ақтоты нұрмен канат таранғандай.
Толқындай көкірегінде терең сырлар,
Жай басып жайлы ағынмен шырын жырлар,
Мөлдірлік меруерті боп қаламыңнан
Жан күйің тамшылаушы ед өмір құмар.
Туған ең заманыңның ырысында,
Жарқын ед мінезін де, тынысың да,
Сүйкімді бар адамға сымбат-сырың,
Қимас жан едің жердің қуысына.
Хош бол, хош! Аяулы інім, абзал ақын!
Кім білген екендігін ажал жақын?
Ылаж не, дер шатың ед Құлагердей
Алысқа жыр тәңір боп атылатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇