Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.08.2021
175
![](/uploads/shorttexts/author_image/abilev.jpg)
Бердім мандат
Ливазова Лина Юнусқызына
Ақылдың да, білімнің де толған шағы —
Алпысыңыз өмірдің иран бағы!
Жан жанатың жабырқау білмес болғай,
Пір тұтып ұзақ жасау қағиданы!
Медицина—өміршіл ерен ғылым,
Тіршілікке тіршілік берен — ғылым!
Арашалап ажалдан алып қалған,
Адамдарың ақ бата берер бүгін!
Құрметтім, Ливазова Лина саңлақ,
Тілейміз: көп жасасын Сіздей ардақ!
Өмір үшін күрескен Сізге — Лина,
Ұзақ жылдар жасауға бердім «мандат!»
25 қыркүйек, 1999
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇