Өлеңдер ✍️
Азамат ақын — ақ ниет
Нұрлан Оразалинге
Нұрлы Нұрлан қарағым,
Аққу жанды адалым,
Жайлы жорға қаламын
Мүдіртпес болсын қадамың! —
Тілегі ақын ағаның.
Жайдарман жыр орманың—
Жарқын өткен жолдарын.
Елуге бүгін толғаның—
Есейген ер болғаның
Үстінде жыр жорғаның.
«Қара ғасыр» дастаның
Шындық сырын ашқаның
«Қилы заман»драмаң
Жаңа бір белес асқаның,
Бақытты болсын бастамаң!
Дұшпаның—аз, досың—көп,
Қызғану жоқ, күндеу жоқ.
Азамат ақын — ақ ниет,
Сыртың сырбаз, ішің от—
Жүрегіңді баспас тот.
Мәңгілік жоқ мансапта,
Мәңгілік көркем өрнекте.
Жан жырынды ардакта
Жан сырыңды түлет те
Нұр күніңді жүдетпе!!!
Мансап деген дүние
Көшпенді той әрбір кез.
Теңдесі жоқ жалғанда
Жыр меруерт—көркем сөз;
Жанартаудай түп мінез.
Жатымталсу маған жат, —
Баршаға мәлім ақиқат.
Сүтпен біткен жүрекке
Адал айту рахат;
Құдірет берген инабат.
Сырқаттанып жатырмын,
Бара алмаймын тойыңа.
Сұңқар, сүмбіл қалпыңмен
Шығанда, сілтен ой-қырға!
Егделікке ой бұрма!
Елу деген — қыран жас,
Тоқсанға менше кадам бас!
Тоқсанымнан «тәбәрік»
Ақ батам — адал ықылас!
Ақниет інім, қаламдас!
3 желтоқсан, 1997
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter