Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
10.08.2021
129
Інім Серіктің қазасына
Шіліңгір мынау шілдеде,
Жаныңды аяз қарыды.
Қапияда бір демде,
Жалп етіп сөнді жарығы.
Балта ағам мен жеңгемнің,
(Көңілім жылап көз құрғақ).
Тәңірге шексіз сенгенмін,
Санамды жатты жұлқылап.
Қасірет үні тынымсыз.
Кеудеде жүрек бұлқынад.
Қылатын қайрат кімде бар.
Алладан пәрмен жеткенде.
Бір көруге болып зар,
Қыламыз дұға өткенге.
Алладан, аға тілейік,
Берсін деп иман мүскінге.
Жеткізе гөр деп жетімін,
Мүсірке деп жесірін.
Жеңілдет деп жүрек жарасын,
Азайта гөр деп наласын.
Таңда маһшар күнінде,
Кездестір ата анасын.
Дұғаның мынау үстінде.
Сүлеймен Баязитов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter