Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.08.2021
270
Жан аға
Сезімімнен шық тамса,
Жүрек сырын ақтарып.
Шуақ шашқан ақ таңда,
Тұрам кейде шаттанып.
Ғарыштармен теңгерген,
Ізгілік бір нұрлы ұғым.
Адамдардан мен көрген,
Биік сенің жұлдызың.
Сағынамын көрмесем,
Ағаны аңсар жүрегім.
Сыйлы болсаң елге сен,
Шалғайда шат жүремін.
Жол сілтеген жастарға,
Асыл туған ағасың.
50-деген асқардан,
Асып бүгін барасың.
Соқсын Ұлы жүректер,
Алдырмасын күз бейне.
Орындалса тілектер,
Жүздесерсің жүзбен де.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter