Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  206


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Жан інім

Жаныма жалау жан інім,
Қыран боп көкте самғайсың.
Атадан қалған салтыңды,
Азамат болып сақтайсың.

Қанатың қатса қыраным,
Қиядан қомдап қаққайсың.
Қазынаң болған қартыңның,
Қабағын інім баққайсың.

Ар-ұят болып жолдасың,
Алғыстан алқа таққайсың.
Егемен болған еңселі,
Еліңнің отын жаққайсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу