Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.08.2021
191
Апама
Қиындық, бейнет көп көрдің,
Қаталдау тағдыр өткердің.
Сонда да оған сыр бермей,
Қатардың алды боп келдің.
Қайраттан,апа,қайраттан,
Көмейден әнді сайратқан.
Шекесін берсе шенеунік,
Жүйелі сөзбен жайратқан.
Шаттанғын, апа, шаттанғын,
Игі істер талай атқардың.
Жетпістен асқан жасыңа,
Келіп тұр менің мақтанғым.
Шаршама,апа,шаршама,
Жүз жасқа жетер бар шама.
Жасыңды берсін,құдайым,
Осы отырған баршаға.
апа қиындық бейнет Гүлсана Тілеубекова Гүлсана Тілеубекова шығармашылығы Гүлсана Тілеубекова өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter