Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  175


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Мейірхан ағайға

Мейірхан қойған атыңды,
Болсын деп жұртқа заты үлгі.
Басшы боп жүрсің біздерге,
Әрдайым айтып ақылды.

Әсем де,сұлу көп керім,
Ауданға үлгі мектебің.
Шәкіртке текке кетпесін,
Моншақтап терді төккенің.

Басшысың әрі ақынсың,
Ел-жұртыңа жақынсың.
Ақын боп жұртқа жайылды,
Аумағыңа атың шын.

Білімін ұштап жастардың,
Ел-жұрттан атақ жақсы алдың.
Жаушықұмдайын мектепті,
Біліміңменен басқардың.

Адалдық бұл өмірде асқан әлем,
Жазайыншы мен сізге дастан өлең.
Келешек ұрпақ үшін шаршамастан,
Мектепті мәңгі бақи басқара бер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу