Өлеңдер ✍️

  05.08.2021
  200


Автор: Нұрлан Оразалин

Сүмбе – жердің төресі

Сүмбе – жердің төресі,
туыстарым мұнда бар.
Жайдары, жайсаң ел осы,
ойың мен сөзің тыңдалар.
Нұрахметтің көзі деп,
нағашылар шығады.
Сыйлықтарын аямай,
қойныма әкеп тығады.
Темірбектей атам бар,
Есенбайдай жыршым бар.
Алған елден батам бар,
бұйырса, түбі жыр шыңдар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айзере
Айзере 10.01.2024 19:45
Сүмбе деген ауылға өлең керек арасында албан деп жазылсын

Пікір жазу