Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.08.2021
170
![](/uploads/shorttexts/author_image/812b4ba287f5ee0bc9d43bbf5bbe87fb.jpg)
Қалай өмір сүргенмін
Көре алмадым ауылымның таңдары,
Жарқырайды түнгі қала шамдары.
Қарап тұрып келбетіне қаланың,
Қиялыммен туған жерге барамын.
Бір ұлы едім күні кеше даланың,
Тұрғыны боп қалдық шулы қаланың.
Жата қалып суын ішкен асыға,
Бара алмадым қоңыр бұлақ басына.
Жағасында сауық-сайран құратын,
Сұлу сәуле суға түсіп тұратын.
Қыз шығатын күн батқанда ұрланып,
Бұлақ жаққа қайтатынбыз бір барып.
Жағасында жататұғын інгеннің,
Көзіндегі жатқан мұңды білгенмін.
Қатты ауыртты-ау жүрегімді тілген мұң,
Мына иттердің арасында үрген мың.
Сол шақтарда ойнағанмын, күлгенмін,
...Туған елсіз қалай өмір сүргенмін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇