Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.08.2021
154
Сиқырлы еді-ау жаңбырлы көктем
Сиқырлы еді-ау жаңбырлы көктем,
Мәңгілік арбап мені ертіп кеткен.
Тірлік пен өлең соңыңда жүріп,
Сендерді қалай ұмытып кеткем.
Өңірді көкке бояған бұлақ,
Көңілде жүрген қоя алам сұрақ.
Балалық шақты, анамды әлі
Түсімде көріп... оянам жылап.
Есіме түсті-ау өткен мен кеткен,
Барлығы сол бір көктеммен кеткен.
Атаммен бірге қауын егетін,
Аңызақ дала... көктем мен кетпен.
Қайтемін оны кетпені құрсын,
Көңілде мәңгі көктемі жүрсін.
Көзіндей болып қара шалымның,
Қараша үйде шекпені тұрсын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter