Өлеңдер ✍️

  05.08.2021
  190


Автор: Есенғали Раушанов

Мына құрып кеткірдің Айы құрып кетсе екен тезірек

Fiat lux [Жасасын жарық күн (лат.).]

Мына құрып кеткірдің Айы құрып кетсе екен тезірек,
Күнде құритын жағына.
Күткенім аздай сарыла,
Алды ғой бәрін, алды ғой менен түп-түгел,
Не керек бұған тағы да?
Таң атады ертең, жоқ олай емес дұрысы,
Таңым атады, жарық біткеннің ұлысы.
Дәл осындай түн өлтірді-ау Қабыл Абылды,
Дәл осындай түн бітті, әсте оның тынысы.
Аспанда кезіп, рухы шат боп өлгендер.
Тұсалып сайтан (бар ма екен соны көргендер?),
Періште біткен жерге түседі түн ауа,
Тілегің қабыл болады дейді ел. Сенбеңдер.
Қайда барады қара тігілгір жол мына,
Ұзақ түн бойы ұйықтай алмайсың, қорлық, ә?
Бебеу қағады бейшара бір құс аулақта.
Ол дағы деймін мендей бір болған сорлы да.
Ай нұрын төгіп, жауса да жұлдыз сан мыңдап,
Гүлдейтін кезің жастық шақ, қайран, балғын бақ:
Соңғы періште кетем дегенше қайта ұшып,
Алғашқы трамвай өтем дегенше салдырлап,
мен оны білмеппін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу