Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.08.2021
142
Өлең
Өлең сенің анаң болса қайтер ең?
Өмір бойы ардақтаумен өтер ем!
Өлең сенің жарың болса қайтер ең?
Өмір бойы арын қорғап өтер ем!
Өлең болса арғымағың қайтер ең?
Өз қолыммен жалын тарап өтер ем!
Өлең сенің дертің болса қайтер ең?
Өле-өлгенше қабақ шытпай көтерем!
Ана болмай өгей болса бұл өлең,
Онда қайтем?
Бақытымнан көрем де.
Жарым болмай бетпақ болса бұл өлең,
Онда қайтем?
Айтқанына көнем де.
Шабан мәстек боп кездессе бұл өлең,
Онда қайтем?
Озбасам да мінем де.
Дертім болса жазылмайтын бұл өлең,
Онда қайтем?
Сол дертімнен өлем де.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter