Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.08.2021
160
Қимас арман
Ойлар туар бiрiн-бiрi жоқтасып,
Кейде қаңғып, кейде тура деп басып.
Отырамын кейбiреуiн шеттетiп,
Ал бiрiне өз ұлымдай жақтасып.
… О дүние – ат алмаған “тақыл жақ”,
Мен де қостап растаймын мақұлдап.
өлген жоқпын, бiрақ сезем – себебi
Барып қайттым талай-талай жақындап.
Қиын емес өлу деген, от басу,
Оп-оңай-ақ туа қалар жоққа шу.
Қиын екен көкiректе бүр жарған,
Арманыңмен iске аспаған қоштасу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter