Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.08.2021
156

Мақалға сын
Оздыртпай ағайынның сәйгүлiгiн,
Озсын деп ауылдастың тай-құлынын,
Ақ көңiл, мақалшы ата ойламапты-ау
Ағайын, бауыр, туыс қайғы, мұңын.
“Қалауын тапса, - дептi, - жанады қар”,
Түсiнер дұрысырақ саналылар.
Ар сатқан қарындасты көрген кезде
Көзiмнен бұршақ-бұршақ тамады ар.
Атанар аңшы қалай iз кеспеген?
Таниды қасты қалай сен деспеген?
Заманың жеттi, ағайын, құтылатын
Аузың дәм, мұрның иiс сезбес кезден.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇