Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  193


Автор: Сайын Назарбекұлы

Жүзі қайтқан алаша

Жырқылдақтар, күлiң, мейлi табалаң,
Кешiре гөр, үмiт күткен жан анам.
Елу жаста тынған түк жоқ, бола ма
Жас санаулы қайта бастау жаңадан?!
Қызғанбаңыз, жетсiн сәлге төзiмiң,
Ел алдында борыштының өзiмiн.
Көрiп келген жан едiм бiр парызды
Ағы менен қарасындай көзiнiң…
Болмасам да асқан ақын, ғұламаң,
Жан едiм бiр өмiр жырын құраған.
Жай алаша тоқып кеппiн, жүз қайтты,
Ендi түр сап үлгере ме бұл ағаң?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу