Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.08.2021
154
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed-2.jpg)
Мажыра шақ
Сал жеңгенiң қойынындай
Қайнап тұрған құшағы.
Ыстық шағыл, пейiл қандай,
Мейiрлене құшады.
Жатсаң ерiп мажыра шақ,
Сәске түсте балбырап.
Қаласың-ау қалжырап-ақ,
Бал сезiмге албырап.
Сырлы шағым, шалқы тағы,
Шақыр, сезiм жетегi.
Қорғасындай балқытады
Ару жаздың төсегi.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter