Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.08.2021
189

Құлы болып сауданың
Ажырықпен салыстырып,
Адыраспан, сенi де,
Кемеңгермен салыстырып
Қара жаяу менi де – түкке алғысыз етедi.
Зеңгiр, асқақ Қаратауым
Жатқан кербез керiле,
Мақтап бiреу дара тауын,
Бар биiктен жерiне – жермен жексен етедi.
Мақтай алмай отырамын
Мөлдiр судың ауданын,
Құдығынан қорқып оның
Он толылық қауғаның – құлы болып сауданың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇