Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.08.2021
163
Асыл арман
Көп iздедiм, таптырмайды, ал бiрақ
Үмiт-отқа талай күйдiм албырап.
Жарты ғасыр жолым аздық еткендей,
Алыста тұр әлi-әлi ол жырақ.
Соқпақпенен, соқпақсыз да жүрдiм мен,
Қол бұлғадың, шаршағанда бердiң дем.
Саған, саған, асыл арман, жеткенше,
Аңсай берем, үмiт отын сөндiрмен.
Қалғанынша қайран жүрек-тоқтап дем,
Өле-өлгенше iзеймiн жоқтап мен.
Асыл арман, жол таппасам баратын,
Жетем саған өзiм салған соқпақпен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter