Өлеңдер ✍️

  02.08.2021
  140


Автор: Сайын Назарбекұлы

Елуге келген Әбішке

Адайдың бетке ұстаған аймаңдайы,
Жоқтаудан ел мүддесiн таймайды әнi.
Сарайы – бейне қоржын, жинай берген
Сырларын ата-баба қай-қайдағы.
Заманның Әйтекесi бал таңдайлы,
Шегедi елi үшiн сан-сан қайғы.
Ортаға қамшы тастап айтар ой бар,
Қас батыр достан, жаудан тайсалмайды.
Қысылса күрестiрер Таусоғары,
Сағынса жан жұбатар кәусар әнi.
Қазақтың Әбiш деген бар данасы,
Танысқан шайқап басын тамсанады.
Әзiлқой жеңгелерге қылығы бар,
Терiске бұл әзiлдi бұзық ұғар.
Анаға, iнi-аға, дос-жаранға,
Әзiлдiң әдемiлеп бiзiн сұғар.
Түнерер қатуланса қара таудай,
Ашылмас дауылдатпай, сiрә жаумай.
Бурадай жарап жүрген бұрқ-сарқ қайнар
Қатептi қара нардай қомын шайнар.
Елуде жорға болдың тағаланып,
Ақ үйде отыр басың бағаланып.
Жан досым, Алла саған ғұмыр берсiн,
Шығарың талай шыңға маған анық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу