Өлеңдер ✍️

  02.08.2021
  170


Автор: Сайын Назарбекұлы

Қақпақтай тасты қақ жарып

Сәндене басып, паңданып,
Жүр едім босқа сандалып.
Тізерлеп міне отырмын
Ғажапқа мынау таң қалып?..
Үп еткен желге тағзым ғып,
Тағдыры тағы жалғыздық –
Бір тал шөп шыққан жарыққа
Қақпақтай тасты қақ жарып.
…Серпілдім, талай төзіп ем
Күш алды кенет сезімім.
Ойда жоқ мені ширатар
Қуатқа мұндай кезігем…
…Бүр жарды қурап кеткенім,
Тудың-ау қайта көктемім.
Бір тал шөп – маған, ал оған –
Жіберген жігер көкте күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу