Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.08.2021
160
Жыл өткен сайын
Жыл өткен сайын сеземін
Алып жүр әжім кезегін.
Дер едім олар әдемі
Торласа бетін әженің
Атақтан "аға" қашпадым,
"Шал" десе, десін саспадым.
Ақ шалған бірақ самайды
Ұрлана қырып тастадым.
…Дәметпе енді жастықтан,
Тұшымас қайта таңдайың.
Жетуге қалды аптыққан
Ойлайтын, қарттық, шалғайың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter