Өлеңдер ✍️

  02.08.2021
  125


Автор: Сайын Назарбекұлы

Төрелік

Екі азамат ұстасса
Жасы үлкені кінәлі.
Арқалайды соңында
Жасы кіші күнәні.
Екі құрдас ұрысса
Ақылдысы кінәлі.
Би алдында қалады
Аңқауы боп күнәлі.
Құрдас қыздар керіссе
Ажарлысы кінәлі.
Қиын бірақ белгілеу
Қайсы қызға күнәні.
Ері әйелі ұрысса
Бабы жоғы кінәлі.
Шындығына келгенде
Шатақтауы күнәлі.
Көрші ейелдер керіссе
Барырағы кінәлі.
Бір еркекке таласса
Жары жоғы күнәлі.
Маскүнемдер ұрысса
Соры бары кінәлі.
Шынын айтсақ соларың
Шеттерінен күнәлі.
Екі тентек ұрысса
Жеңілгені кінәлі.
Артып алсын өзіне
Жеңбегені күнәні.
Ұрыс-керіс көбейсе
Заманасы күнәлі.
Ақсақалдар керіссе
Кімге артамыз кінәні?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу