Өлеңдер ✍️

  02.08.2021
  122


Автор: Сайын Назарбекұлы

Бір танысыма

Қайнап шықпай сезімнің тереңінен
Ықыласты ұқпайтын кереңің мен.
Сөнген жұлдыз ғарышта сәулесіндей,
Жалған күлкі, адамға берер ме өң?..
Дәм татамын достықтан арам ассыз,
Шын пейілге әуелден сараң-ақсыз.
Жымың-жымың жылмағай болмысыңмен
Қарсы алдымда тұрасыз, жалаңаш, сіз.
Кездескенге көз салып қарамастан,
(Көмек күтпес адамдар тыраң асқан) –
Тоқтамастан келесіз күлім қағып,
Жақындауға қалды ма жырақ аспан?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу