Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.08.2021
174
Бақыт түні
Есіңде ме, ал менің есімде әлі,
Бақыт түні, айлы аспан кешіндегі.
Жалғыз ауыз сөзіңнен “сүйем” деген,
Асыл арман аңсаған шешілгені.
Айлы түн кешіндегі,
Өмірлік есімдегі.
Ынтазар қылды өзіне
Қос алма төсіңдегі.
Ұмыттың ба, мен бірақ ұмытпаппын,
Ерініңнен аты асқақ үміт таптым.
Арманыма – мөп-мөлдір өз жаныңдай
Жүрегіңнен бір моншақ үзіп тақтың.
Бір моншақ үзіп тақтың,
Сезімге жүзіп бақтым.
Бал дәмін аңсай берем
Ғажайып қызық шақтың.
Кешіргейсің ойнасам тұлым тартып,
Сүйе білдім, өзіңді, сезім сарқып.
Жүрегімде әдемі қызғаныш бар,
Көресің-ау менен де ұлымды артық.
Бақытқа жүздім шалқып,
Сүйдім ғой сезім сарқып.
Көресің жаным қалай
Өзімнен ұлымды артық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter