Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2021
174
Жағымпазға
Көресің-ау өзіңді ақылдырақ,
Қамқорсисың, әрдайым, жақынсырап.
Сипамашы арқамнан, жек көремін,
Жүрген жоқпын мен сенен ақыл сұрап.
Қу күлкіңнің мән-жөнін сезіп тұрмын,
(Жақсыменен, құдайым, кезіктіргін).
Жолыққанда көшеде кеп тұрады
Алды-артыма қарамай безіп бергім.
Түзетпеші жағамды текке менің,
Сипамашы арқамнан жек көремін.
Тітіркеніп тұрамын, қолым қышып,
Тек өзімді ақылмен шектегенім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter