Өлеңдер ✍️

  01.08.2021
  150


Автор: Сайын Назарбекұлы

Күз

Жабағы бұлт көк төсін жабады кеп,
Күздің сыйлар сыйы да, азабы көп.
Тұманды күн аңғартпас жан-жағыңды,
Ойлау қиын біреу жөн табады деп.
Шопан жүрер бір жауып басылса деп,
Сосын дейді, жарқырап ашылса көк.
Күз көгіне тойынған тоқтышақтың
Салмағына салмағы қосылса деп.
Дихан жүрер жауса екен дұрыстап бір,
Ылғал деген халыққа ырыс деп, бір.
Оның ойы басқадан бөлегірек,
Ән мен би де, бидай мен күріш деп тұр.
Табиғаттың қақ жарып шаранасын,
Баз біреулер қамдайды қара басын.
Күтіп жатыр, жарады тағы, тағы,
Күн көзінен мына бұлт тарағасын.
Дейді ақсақал, әр күннен күтерім көп,
Бар ғұмырды әр күнің бітеді жеп.
Күн жаманы кетер-ау, ал өмірің
Көбі жаман адаммен өтеді тек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу